Жаңалықтар

КазГЮИУ-де «Адам құқығы немесе мемлекет құқығы: қайсысы басымдыққа ие?» тақырыбы бойынша халықаралық дебат сайысы

Опубликовано 05.04.2016.

2016 жылдың 1 сәуірінде КазГЮИУ заң факультеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы «Адам құқығы немесе мемлекет құқығы: қайсысы басымдыққа ие?» тақырыбы бойынша халықаралық дебаттық турнирін өткізді.  Бұған Новосибирск Мемлекеттік Техникалық Университеті заң факультетінің студенттері және КазГЮИУ заң факультетінің студенттері қатысты.

Әр топтан 4 ойынша қатысты. Топтың біреуі жеребе бойынша «Үкімет» ретінде, ал екінші топ «Оппозиция (қарсылық)» ретінде анықталды. «Үкімет» адам құқықтары алдында мемлекет құқықтарының басымдыққа ие екендігін жақтаса, ал «Оппозиция» болса мемлекет құқықтары алдында адам құқықтарының басымдыққа ие екендігін жақтады. Екі топта үкімет ретінде де, оппозиция ретінде де кейстерін дайындады. Дебат басталмастан бұрын, жеребе бойынша қай топ үкімет ретінде немесе оппозиция ретінде ойналатындылығы анықталды. Қазылар алқасы ретінде Парламент – оқытушылар қатысты:  Рудт Юлия Аркадьевна, Темиргазин Роман Хурматуллаевич. Тайм-кипер ретінде КазГЮИУ заң факультеті 3 курс студенті Касымов Рустем қатысушылардың регламентін есептеушісі болды, модераторы Ергали Баильдинов.

Халықаралық дебаттық турнир қатысушылары Еуропа және ЕуразЭЫ мемлекеттеріндегі еріксіз көші-қонның қазіргі жағдайымен байланысты адам құқықтарын сақтау және сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың өзекті мәселелерін қарастырды. Бұл мәселені шешуде дебаттық турнирдің қатысушылары өз көзқарастарын білдірді: көші-қон қарым-қатынастарын реттейтін қазіргі заңнамалар тетігін жүзеге асыруды жетілдіру.

Парламент дебаттық турнирдің қорытындысы бойынша РФ Новосибирск қ. НМТУ құрамасының «Оппозиция»жеңіске жетті.  Қазылар алқасының пікірінше, бұл топтың дебатерлары кәсіби тұрғыдан жақсы дайындалған, халықаралық-құқықтық сипаттамаға сәйкес сөз сөйлеулерінің мазмұнды және аргументтері нық. «Үздік спикер» номинациясын иеленгендер ретінде НМТУ құрамасының 4 курс студенттері Калинин Никита мен Винокурова Анна және КазГЮИУ 3 курс студенттері Ахмеров Алексей мен Эфендиев Этибар.