Жаңалықтар

«III – Vice Семей аруы – 2016» КазГЮИУ студенті – Шыңғыс Арайлым

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 11.04.2016.

 8.04.2016ж . Семей қаласының  Абай атындағы қалалық кітапхананың  акт залында  «Семей аруы-2016» қалалық конкурсы өтті.Сайысқа Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің атынан Шыңғыс Арайлым қатысып, қорытынды бойынша   «III – Vice  Семей аруы» атанды. Шыңғыс Арайлым университетіміздің гуманитарлық факультеті бойынша Г-319 топ студенті, мамандығы:  «Шет тілі: екі шет тілі».

Бұл іс-шара сәуірдің сегізінші жұлдызында Абай  қалалық кітапханасында үлкен деңгейде өтті. Бұл байқауға қаламыздың әр түрлі оқу орындарынан, колледждарынан  арулар  қатысты. Қатысушылардың барлығы дерлік өте талантты және сұлу.

Алғашқы кезең: «Мен қазақтың қызымын». Яғни, қатысушылар өздері жайлы мәлімет берді. Келесі кезең: «Ана көрген тон пішер» айдарымен  әр қатысушы үйден дайындаған қол өнерлерін әділқазы мүшелеріне таныстырды. «Өнерлі өрге жүзер» сайысында  қатысушы қыздар бойындағы бар таланты мен өнерлерін ортаға салды. Осы кезеңде, Шыңғыс Арайлым –  өзінің серіктесі Алтынбеков Әлішермен «Титаник» қойылымымен көрермендер қошеметіне бөленді. Ал, «Білгенге маржан» сайысында қатысушылар қазақ қызына тән тәрбиелік, инабаттылық қасиеттерімен танылып, қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша білімдерін ортаға салды. Бұл кезеңде Арайлым өзіне қойылған сұрақтарға мүдірмей, сынақтардан сүрінбей өтті. Соңғы қорытынды кезең: «Қыздарға әсемдік жарасады». Барлық  арулар ұлттық киімдерді дәріптей келе, қазақ халқының ұлттық нақыштағы костюмдарын  заманауи үлгіде көрсетті.

«Семей аруы – 2016» байқауында, Арайлым өзінің шығармашылық қабілетін  жоғары деңгейде дәлелдей білді.

Шыңғыс Арайлымға  алдағы уақытта үлкен шығармашылық табыстармен, биік асулар тілейміз.

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ