Жаңалықтар

КазГЮИУ – Синьцзян өзара байланысы қарқынды дамуда

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 12.04.2016.

 

Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті филология мамандығының оқытушылары мен магистранттары ағымдағы жылдың 28 наурызы мен 4 сәуірі аралығында Қытай Халық Республикасы Үрімші қаласындағы Синьцзянь мемлекеттік университетінің халықаралық мәдени алмасу институтынан ғылыми тағылымдамадан өтіп келді.

Университет оқытушылары мен магистранттары осы уақыт ішінде «Қытай жазуының тарихы» мен «Қытай әдебиетінің өзге тілдерге аударылуы» тақырыптарында қытай ғалымдарының дәрістерін тыңдап мол мәлімет алды.

Сонымен қатар, қытай халқының тарихы, мәдениеті, салт- дәстүрі жайында мағлұматтар алып, Үрімші қаласының тарихи орындарына саяхат жасады.

Синьцзянь университеті мұражайында болып, университет тарихы мен өмірі туралы көптеген қызықты мәліметтер тыңдап, өте жақсы әсер алып қайтты.