Жаңалықтар

Биотехнология мамандығының студенттері Республикалық олимпиададан жеңіспен оралды.

Опубликовано 17.04.2016.

 

2016 жылдың 29 – 31 наурыз арасында Алматы қаласының әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде, биология және биотехнология бойынша Республикалық олимпиада өтті.

“Қолданбалы биология” кафедрасының “Биотехнология” мамандығынның студенттері  жұмысына белсенді қатысты. Осы олимпиададағы ғылыми жетекші биология ғылымдарның докторы Арынова Райхан Ахметовна және теориялық даярлығы бойынша жетекші Тазабаева Куляш Аскаровна.

Саптайханова Ғайни (2 курс), Алипбекова Арай (3 курс) және Ақанов Ерболсын (4 курс) студенттер өздерінің «Биотехнология» мамандығына деген сүйіспеншілігін үздік білімдерімен көрсетті, 2-курс студенті Саптайханова Ғайни ҚР 15 қаласынан 100-ден аса студент қатысқан олимпиадада “Теориялық тапсырмалар” атты ІІ-кезеңде аса ерекшеленіп, өз  командасын лайықты ұсынып, Қазақстанның жастар ғылымы арасында үздік теориялық дайындық үшін 3 орынды иеленді.

Барлық қатысушылар және команда жетекшілеріне сертификаттар мен мақтау қағаздарымен салтанатты түрде  марапатталды, Республикалық Олимпиадада оқу орнымыздың аты бірнеше рет жоғары мінбеден аталды. КазГЮИУ студенттері, жарайсындар!