Жаңалықтар

«Биотехнология» мамандығының 3-курс студенттері Төлен Назгүл және Икенова Айханым ғылыми-конференциядан жеңіспен оралды.

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 18.04.2016.

2016 жылдың 14-сәуірінде Өскемен қаласында, «Жаһандық ғылыми кеңістіктегі жастар миссиясы: келелі мәселелер мен мүмкіндіктер көкжиегі» атты жас ғалымдардың Республикалық ғылыми-конференциясы өтті.

Осы конференцияда ғылыми жетекшілері биология ғылымдарының кандидаттары, доценттер Силыбаева Батияш Мукановна, Байғапанова Рауза Жакупбековнаның басшылығымен 3 курс студенті Икенова Айханым Жанболатқызы «Эфир майлы жатаған жебір өсімдік түрін биотехнология саласында қолдану» және ғылыми жетекшілері Қырықбаева Шынар Тұрарбековна, Мәлік Меруерт Мәлікқызының басшылығымен 3 курс студенті Төлен Назгүл Созақбайқызы «Жабайы өсімдік шикізатын ашытқы ретінде тағам өнімдерінде қолдану» атты тақырыптарымен  жақсы нәтиже көрсетіп, дипломдармен марапатталды.

Кафедра атынан құттықтаймыз! Жаңа табыстарға жетулеріңізге тілектеспіз!