Жаңалықтар

КазГЮИУ «Ашық есік» күні

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 21.04.2016.

Ағымдағы жылдың 21-ші сәуір күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде мектеп бітіруші түлектерге арналған «Ашық есік» күні болып өтті.

Ашық есік күні аясында 300-ден астам мектеп бітіруші түлектер мен колледж студенттері университеттің оқу ғимаратттарын, Студенттер үйін және әскери кафедраны аралап көріп, студенттердің ғылыми жұмыстарымен танысып, университеттің мүмкіндіктері мен оқу орнында даярланатын мамандықтар жайында толыққанды ақпарат алды.

Шара барысында оқушыларға университетіміздің психологтары тарапынан кеңес беріліп, репетиторлық мектеп мамандары әр пән бойынша ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдістері мен ұтымды жолдарын көрсетті.

«Ашық есік күні» – жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлі шара. Аталмыш шара мектеп бітіруші оқушыларымыздың  болашақ мамандығын таңдауда көп көмегін тигізеді деген ойдамыз.