Жаңалықтар

ДААД қызметінің неміс тілінің тереңдетілген оқу курсы

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 03.05.2016.

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемелекеттік университетінде 24 сәуір – 1 мамыр 2016 ж. аралығында ДААД қызметі ұйымдастырған өткен тереңдетілген неміс тілі курсына гуманитарлық факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттері Кәкімжан Әлібек пен Мұратова Айдана қатысып келді. Бұл курсқа студенттер арнайы конкурстық іріктеуден өтті.

Интенсивті тіл курсы 5 күндік бағдарламадан тұрды. «Саяхат», «Германияның көкейкесті мәселелері», «Берлин диалектісімен танысу» тақырыптарынан семинар сабақтар, тренингтер, Германия елшісінің баяндамасы оқылды. Қарағанды облысындағы неміс тілінің жағдайы туралы конференция болып өтті. Бұл курсқа 21 адам қатысты. Олар Орал, Ақтөбе, Петропавл, Көкшетау, Өскемен, Қарағанды, Шахтинск, Шымкент қалаларынан келген студенттер.

Неміс тілі апталығын өткізуге Астана, КазГЮУ лекторы – Сандра Ингелькофер, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ лекторы – Флориан Так, Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ лекторы – Штефан Кель қатысты. Интенсивті курстар аяқталған соң, елтану бойынша викториналық ойындар өткізілді. Жұмыс аяқталған соң қатысушылар тіл білімінен тест тапсырды. Олардың ішінен біздің студенттер Кәкімжан Әлібек пен Мұратова Айдана В1 деңгейін нақтылап сертификат алды.