ЖаңалықтарЖұмысқа орналастыру

КазГЮИУ-де 2016-жылғы түлектер жәрмеңкесі өтті

Опубликовано 03.05.2016.

Білікті мамандар қашанда еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.

Сондықтан бұл жолғы жәрмеңкеге қаламыздан бөлек, Ұлан, Тарбағатай аудандарынан 48 кәсіпорын, мекеме өкілдері қатысты. Түлектер жәрмеңкесін өткізу аталған жоғары оқу орнында игі дәстүрге айналған. Бұл жұмыс беруші мен түлектің өзара байланысын жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, екі жақтың талаптарын ескере отырып, маманға оңтайлы жұмыс орнын табуға септігін тигізеді. Бұл жолғы жәрмеңкеге 20 мамандық бойынша білім алған 760 түлек қатысып, 50-ден аса жұмыс беруші арасында таңдау жасауға мүмкіндік алды. Әйгерім Құсбекова университетті «Информатика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Түлектер жәрмеңкесінде Тарбағатай аудандық білім бөлімімен келісім-шарт жасасты. Енді білікті маман Төлеген Тоқтаров атындағы мектепте ұстаздық етпек. Білікті маман қашанда еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. Сондықтан еңбек жолын бастағалы отырған түлектердің оқу орнының беделін арттырып, еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосарына сенімдіміз, – дейді білім ордасының басшылығы.

Ақпараттың қайнар көзі: semeytv.kz сайты