Жаңалықтар

КазГЮИУ Әскери кафедрасына – 5 жыл

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 13.05.2016.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 977 Қаулысына сәйкес Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінде әскери кафедра құрылды. Әскери кафедра негізін қалаушы университет ректоры Құрманбаева Ш.А. Аз уақыт аралығында қазіргі заманға сай оқу-материалдық база құрылды. Кафедрада мультимедиялық құрылғылармен жабдықталған оқу аудиториялары, электронды ату тирі, кіші артиллериялық компьютерлік полигон бар.

Студенттердің сапалы дайындалуына саптық плац, АТБ кедергіге толы жолы, қол гранаталарын лақтыруға арналған алаң және гимнастикалық қалашықтың пайдасы зор. Әскери  техниканы сақтауға арналған жылы бокс, шеберхана және аккумулятор боксының маңызы зор, әскери техника мен қару-жарақ оқу мақсатында пайдалануға дайын тұрады.

Қазақ батырларына және соғыс ардагерлеріне арналған аллея, әскери техника және қару-жарақ музейі қазіргі жастарды ерлікке тәрбиелейді. Әскери кафедрада әскери дайындықтың әртүрлі пәндері бойынша көрсетілім сабақтары өткізіледі. Жерлестерімізде жағымды әсер қалдырды.

КазГЮИУ әскери кафедрасы ашылу 5 жылдығына орай салтанатты мерейтойға осы жылдың қыркүйек айында медаль табыстайды.