Жаңалықтар

Биология пәні бойынша ЖОО мен колледж оқытушылары және мектеп мұғалімдеріне біліктілікті көтермелеу курсы өтті

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 23.05.2016.

Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты «Қолданбалы биология» кафедрасымен бірлесе отырып 2016 жылдың 16 мамырынан 23 мамыры аралығында «Биология пәнінде ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және қолдау. Теория және практика» модулі бойынша ЖОО мен колледж оқытушылары және мектеп мұғалімдеріне біліктілікті жоғарлату курсын өткізді.

Курсты кафедраның тәжірибелі оқытушысы, биология ғылымдарының докторы, профессор Арынова Райхан Ахметовна өткізді.

Курстың негізгі мақсаты – қазіргі биологияның негізгі тараулары бойынша тыңдаушылардың теориялық білімдерін жоғарлату, әдістемелік дайындықтарын күшейту табылады.

Курсқа Семей қаласы ЖОО мен колледждерінің оқытушылары, ШҚО мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Дәріскерлер сабақ өткізу барысында интерактивтік тақтаны кеңінен пайдаланды.

Курс қорытындысы бойынша Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институтының директоры, PhD доктор М.Д. Қаражанов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен арнайы нысандағы сертификаттар тапсырды.