ЖаңалықтарЖастар Саясаты ОрталығыСерпін

«Серпін серісі» байқауы

Опубликовано 25.11.2016.

23.11.2016 ж. Абай атындағы кітапханада Семей қаласы құқық және бизнес колледжінің ұйымдастыруымен «Серпін 2050 Мәңгілік ел жастары – Индустрияға» әлеуметтік жобасы аясында оқып жатқан студенттер арасында Облыстық «Серпін серісі» байқауы болып өтті. Бұл байқауға КазГЮИУ серісі «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің студенті Кенжаев Абзал қатысты. Бірнеше кезеңдерді қамтыған сегіз қырлы бір сырлы жігіттердің сайысында тамаша өнер көрсеткен Абзал жүлделі 3 орынға ие болды.