Түлектер

Қамбарова Айгүл Мұхаметвалиқызы

«КазГЮИУ-да тұлғаның кәсіби дамуына барлық жағдайлар жасалған»

Қамбарова Айгүл Мұхаметвалиқызы– 2007 жылғы «юриспруденция» мамандығының түлегі.

Студент кезінде Айгүл «үздік»деген бағаға оқыды, университетттің қоғамдық өміріне белсене араласты, ғылыми конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысты. Семейдегі «Қазақстандық жас заңгерлер қауымдастығы» филиалының белсенді мүшесі болды.

Қазіргі уақытта ШҚО Семей қ. №2 ХҚКО-да директордың орынбасары болып қызмет етеді.

2016 жылы Айгүл КазГЮИУ-дың дамуына және имиджінің нығаюына қосқан үлесі үшін «Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің Құрметті түлегі» төсбелгісін алған.

Біз түлектерімізбен мақтанамыз!