Түлектер

Есимова Роза Мухаметхановна

Есимова Роза Мухаметханқызы– 2013 жылдың түлегі.

Есимова Роза Мухаметханқызы Зырян ауданы әкімдігі аппаратының ұйымдастыру бөлімі меңгерушісі.

1977 жылы 21 қыркүйекте Зырян ауданы Зырян қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары. 2000 жылы Алматы қ. ҚҰТУ-ды бітірді. 2013 жылы КазГЮИУ-ды «юриспруденция» мамандығы бойынша бітіріп, академиялық «юриспруденция бакалавры» дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1997 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Зырян ауданыдағы филиалында І дәрежелі техник мамандығы бойынша бастады. 2009 жылы Зырян ауданы әкімдігі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және кадр-ұйымдастыру бөліміне маман болып жұмысқа қабылданды. 2013 жылдың 23 шілдесінен бастап ұйымдастыру бөлімінің бастығы.

Қызметі:

Бөлім жұмысын ұйымдастыру, бөлім мамандарына жұмыстарын бөліп беру. Бөлім жұмысы жоспарының орындалуын қадағалау, аймақта сайлау , мемлекеттік референдум  өткізуді ұйымдастыру. Ауыл, аудан әкімдерінің есеп берулерін өткізуді ұйымдастыру. Аймақтағы маслихат жұмысын ұйымдастыру.