Түлектер

Омар Жақсылық Мұқашұлы

Біздің университетіміздің түлегі Омаров Жақсылық Мұқашұлы 2010 жылы   «Жергілікті және мемлекеттік қызмет» мамандығын аяқтады.

Еңбек жолын 2001 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат, қоғамдық келісім Министрлігі Мәдениет комитеті жанындағы халықаралық мәдени бағдарламалар республикалық дирекциясында маман болып бастады.

ҚР Мәдениет министрлігінде  маман болды, Қаржы министрлігінде бас маман, «Қазақстан» ҰТ АҚ «Астана» РТК директоры орынбасары, «НИХ «Арна медиа» АҚ Холдингі департаментінің бас менеджері, Парламент Мәжілісі баспасөз орталығының сарапшысы, ШҚО мәдениет басқармасы бастығы және ішкі саясат бөлімінің бастығы болып еңбек етті. 2

011-2013 жылдары  ШҚО мәдениет басқармасы бастығы, 2013 жылдың мамыр айынан ШҚО әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2018 жылдың тамыз айына дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

Біз түлектерімізбен мақтанамыз!