ПОҚ және СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ ЕРЕЖЕСІ

  1. Қолдану саласы

Осы Ереже Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің сапа менеджменті жүйесінің стандарттарына сәйкес жасалған және студенттердің, қызметкерлер мен оқытушылардың ғылыми және академиялық ұтқырлықтарын жүзеге асыруға пайдалануға брлады.

  1. Нормативтік сілтемелер

-2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III ҚР «Білім туралы» Заңы;

- Ұтқырлық стратегиясы;

- 2012-2020 жж. арналған ҚРакадемиялық ұтқырлық стратегиясы;

- Ұлттық және халықаралық білім беру стандарттары;

- Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері;

- Университет Жарғысы;

- Ішкі ережелер;

- Ректордың бұйрықтары мен нұсқаулары.

           

  1. Терминдер мен анықтамалар
Термин Анықтамалар
ЦИОПН Халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін құрылған университет бөлімшесі

 

  1. Қолданылған қысқартулар
Қысқартулар Толық атауы
Университет «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті» БМ
КазГЮИУ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
ҚР Қазақстан Республикасы
ЦИОПН Білім беру бағдарламаларын интернационализациялау және ғылым орталығы
АҰ Академиялық ұтқырлық
ЖОЖ Жеке оқу жоспары
ОӘБ Оқу-әдістемелік басқарма
ECTS Кредиттерді аударудың Еуропалық жүйесі

 

  1. Негізгі ұғымдар мен жалпы талаптар

            Студенттер, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге академиялық ұтқырлық Болон декларациясының негізгі принциптері, сондай-ақ халықаралық қызметтің  маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Ол жоғары білім беру сапасын, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру, басқару жүйесін, ішкі және сыртқы интеграциялық байланыстарды құруға және КазГЮИУ миссиясын орындауға көмектеседі.

Академиялық ұтқырлықтың негізгі мақсаты: халықаралық білім беру кеңістігін интеграциялау, әлемдік білім беру ресурстарын пайдалану. Академиялық ұтқырлықы жүзеге асырудың мақсаты, міндеттері және жалпы ережелері Болон декларациясының негізгі принциптеріне сәйкес келеді.

Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру ережесі мен рәсімдері күндізгі оқу бөлімінің студенттері, магистранттары және докторанттары, сондай-ақ университеттің қызметкерлеріне  қолданылады.

5.1. Жеке академиялық ұтқырлық бойынша  студент, оқытушы, зерттеуші басқа білім беру немесе ғылыми мекемеде белгілі бір кезеңде (елде немесе шетелде) білім алғаннан кейін, өзінің негізгі білім беру мекемесіне қайтады.

5.2. Академиялық ұтқырлық бойынша студенттік қозғалысы, оқыту және зерттеулер жүргізу үшін басқа білім беру мекемесі (елде немесе шетелде) үшін (1-семестр бір жылға дейін) белгілі бір мерзімге ғана жүзеге асырылады. Білім алғаннан кейін өзінің негізгі білім беру мекемесіне қайтады. Академиялық ұтқырлық шетелде эмиграциялану және шетелде ұзақ мерзімде оқумен (жұмыспен) байланысты емес.

5.3. Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық бакалавриат студентерінің, магистраттардың, докторанттардың (бір жылға дейін) шетелдік жоғары оқу орындарында білім алулары, сондай-ақ шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелерде оқытушылармен қызметкерлердің жұмысы болып табылады.

5.4. Ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық білім алу, оқытушылар мен университет қызметкерлерінің жұмыстары қазақстандық жетекші университтетерде, ғылыми орталықтарда жүзеге асырылады.

5.5.Академиялық ұтқырлық екі түрі бар: «тік» және «көлденең». Тік ұтқырлық шетел университетінде студенттің толық оқу дәрежесін білдіреді. Көлденең - шетелдік ЖОО-да шектеулі кезеңде (семестр, оқу жылы) оқыту.

5.6. Академиялық ұтқырлықтың дәстүрлі тағылымнамалардан ерекшелігі, студенттер шетелге шектеулі, бірақ ұзақ мерзімге барады. Тіл үйренмен қатар, толық білім алып келеді. Алған білімдері негізгі оқу орнына келгенде есепке алынады.

5.7 Білім алушылардың, университет оқытушылары мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы ЖОО аралық келісімдер мен шарттар шеңберінде, сондай-ақ бірлескен халықаралық білім беру бағдарламалары аясында жүзеге асырылады (ERASMUS MUNDUS, DAAD, БОЛАШАҚ және т.б.).

5.8.Академиялық ұтқырлықты қаржыландыру әр түрлі жағдайда болуы мүмкін:

- Бюджет, оның ішінде ұлттық жобалар шеңберінде бөлінген;

- Университеттің бюджеттен тыс қаржылары;

- Ұлттық компаниялар гранттары, әлеуметтік серіктестер,

- Қабылдаушы елге қаражат халықаралық ұйымдар мен жеке қаражаты есебінен грант;

- Академиялық ұтқырлыққа қатысушылардың жеке қаражаттары.

5.9. Жеке бару түрінде іске асырылатын академиялық ұтқырлық, ол тек ақылы жыл сайынғы еңбек демалысының (демалыс) немесе ақысыз еңбек демалысы (академиялық) кезеңінде болады.

5.10. Студенттердің, университет оқытушылары мен қызметкерлердің көрсетілген әр түрлі формадағы академиялық ұтқырлығыҚазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, ҚР Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттарына, КазГЮИУ Жарғысына қайшы келмеуге тиiс.

 

  1. Академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру.

6.1. Академиялық ұтқырлықты ұйымдастыруға жалпы басшылық ету, білім беру бағдарламалары интернационалдандыру және ғылым орталығы, қамтамасыз ету үшін - оқу-әдістемелік басқармасы жауап береді.

6.2 Студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылардың академиялық ұтқырлығы келесідей құжатар арқылы реттеледі:

- Жоғары оқу орындарының арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

- Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі келісім-шарт;

- Студенттің жеке оқу жоспары;

- Студентті оқуға жібергені туралы бұйрық;

- Шетел университетіне оқытушыны/ қызметкерді жіберу туралы бұйрығы;

- Академиялық транскрипт.

6.3. Шетелде білім алу туралы келісім мыналарды анықтайды: бағыты (немесе мамандық), оқу кезеңінің ұзақтығы, жіберуші тарап құқықтары мен мiндеттерi және қаржылық жағдай. Келісім-шартқа жіберуші оқу орны  (КазГЮИУ) , білім алушы және қабылдаушы оқу орны қол қояды.

6.4. Оқыту туралы келісім шартқа қосымша болып табылады және әрбір семестрге қалыптасады. Келісімде оқу пәндері мен білім беру тәртібікөрсетіледі (практика, СҒЗЖ және т.б.).

Келісімге үш тарап қол қояды: оқу орындары және студенттер.

6.5. Келісімдер жобасы және шартты рәсімдеу халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету орталығы мен факультеттерде дайындалады.

6.6. КазГЮИУ студенттінің жеке оқу жоспары факультетте мемлекеттік стандартқа сәйкес, мамандығы бойынша құрылады.  Әріптес университетте оқитын студенттің оқытылатын пәндерібір семестрде оқытылады.

6.7. Жеке оқу жоспарына факультет деканы, халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету орталығының бастығы қол қойып, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор бекітеді.

6.8. Жеке академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру үшін, шетелдік (қазақстандық) университеттен немесе ғылыми-зерттеу орталығынан ресми шақыру болу керек.

6.9. Ресми шақырту алған соң білім алушы білім беру траекториясын, академиялық және зерттеу бағдарламасын кафедра меңгерушісімен келісіп, оң шешім тапқан соң ректорға өтініш білдіреді.

6.10.Өтініште білім алушының кету мақсаты, негізі, баратын жері, іссапар мерзімі (бағыты), тегі, өтініш берушінің аты және әкесінің аты, төлем көздері күтілетін тасымалдау шығындары, тұру шығыны, тәуліктік ақы шығын көрсетілуі тиіс. Қызметтік хатқа шақырту мен оның расталған аудармасы, іссапардың  орындылығы және қаржылық жағдайын анықтайтын құжаттар тіркеліп ұсынылады.

6.11. Университет қаржыландырған жағдайда өтініш декан визасымен ректоратқа жіберіледі.

6.12. Университет қаржысымен жүзеге асырылатын жеке академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шешімді университет ректоры шығарады.

6.13. Іссапарға жіберуду рәсімдеу КазГЮИУ-де қалыптасқан тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

6.14. Іссапардан келген соң толық есеп беріледі.  Төлқұжаттың көшірмесі немесе іссапар куәлігі, жол жүру құжаттары, отырғызу талондары, тұрғын жай жалдау құжаттары және т.б. шығындарды растайтын құжаттар өткізіледі.

6.15.Бекітілген шығындар туралы есептен кейін, іссапар бойынша шығындар өтеледі.

 

  1. Академиялық ұтқырлықты әдістемелік қолдау.

7.1. Академиялық ұтқырлықты әдістемелік қолдау және білім беру сапасын бақылаухалықаралық білім беру қызметтері бойынша университет тарапынан қадағаланады.

7.2. Серіктес оқу орны ұсынатын білім беру қызметін үйлестіру үшін университетте ұтқырлық жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылады.

7.3. Ұтқырлық жөніндегі үйлестіру кеңесі бағдарламалар мен уағдаластықтарды іске асыру үшін қажетті барлық қажетті процессуалдық шарттардың орындалуын бақылау, сондай-ақ мониторинг жүргізу құзыретіне ие болады.

7.4.Академиялық тану мәселелерін шешу, сондай-ақ ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту мәселелері бойынша факультеттерде ұтқырлық бойынша жауапты үйлестірушілер тағайындалады.

7.5. Факультетбойынша ұтқырлыққа жауапты үйлестірушілер құзыретіне студенттердің, оқытушылар мен қызметкерлердің жеке академиялық ұтқырлықтарының регламенттерін әзірлеу кіреді.

7.6. Үйлестірушілер (кеңесшілер) оқу-әдістемілік жұмыстар жөніндегі проректордың және орталық директорының келісімімен факультет деканы тағайындайды.

7.7. Үйлестірушілер академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушы КазГЮИУ студенттеріне мониторинг жүргізіп, академиялық кеңестер береді.

7.8. Үйлестірушілер қабылдаушы университеттің академиялық анықтамасы негізінде «Академиялық тану туралы акт» дайындайды.

7.9. «Академиялық тану туралы актіні» рәсімдеу тәртібі және басқа да мәселелер ұтқырлық жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынысы бойынша КазГЮИУ Ғылыми кеңесінің шешімімен реттеледі.

  1. Академиялықұтқырлықты ақпараттыққолдау.

8.1. Сыртқы академиялық ұтқырлықты ақпараттық қолдауды жалпы басқару халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету орталығы жүзеге асырады.

8.2. Халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету орталығы факультеттерге халықаралық әріптестік туралы хабар беріп отырады. Қажетті ақпараттар университеттің веб-сайтына салынады.

8.3. Халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету орталығы шетел оқу орындарындағы академиялық алмасу мен бағдарламалар туралы ақпаратты университет студенттері мен қызметкерлеріне қол жетімді қылып жариялайды.

8.4. Ішкі академиялық ұтқырлықты ақпараттық қолдауды университеттің оқу-әдістемелік басқармасы жүзеге асырады.

8.5. Оқу-әдістемелік басқарма факультеттерге отандық жоғары оқу орындарындағы жағдайларды хабарлап отырады, университеттің веб-сайты немесе ақпараттық хат жіберу арқылы.

8.6.Оқу-әдістемелік басқарма академиялық алмасу мүмкіндіктері бар инновациялық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орындары туралы ақпарат беріп отырады.

8.7. Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысушы әр факультет өздерінің арнайы веб-сайттарын  ашады.

8.8. Қызығушылықтарын білдірген студенттер, профессор-оқытушылар құрамы және университет қызметкерлерініріктеу хабарландырулары факультеттің хабарландыру тақталарында, сондай-ақ, КазГЮИУ порталында орналастырылады.

8.9. Әр оқу жылының қорытындысы бойынша академиялық ұтқырлық жағдайы туралы есеп алынып, университеттің веб – сайтында көрсетіледі.

 

  1. Университет студенттерініңакадемиялықұтқырлығынжүзегеасыру механизмі.

9.1. Студенттердің жеке академиялық ұтқырлығы нормативтік оқу мерзімін ұлғайтпайды.

9.2. Уиверситеттің Ғылыми кеңесіакадемиялық ұтқырлықтың оқу мерзіміне студенттердің кезең бойынша шектеулерін белгілеуге құқылы.

9.3. Білім алушылардың академиялық ұтқырлық бойынша тиімді жолы:

  • қос диплом (дәреже) бағдарламасы негізінде білім алу;
  • академиялық алмасу бағдарламасы аясында, соның ішінде (екінші диплом рәсімдеместен) университетаралық ынтымақтастық аясында білім алу;
  • тағылымнамадан өту (соның ішінде, тілдік);
  • оқу (зерттеу, өндірістік) тәжірибеден өту;
  • жазғы мектептерге (семестрге) қатысу.

9.4. Студенттерді іріктеу жетістіктері, қабілеттері мен әлеуметтік қызметі, мүмкіндіктеріне сәйкес, ашық конкурстық шеңберде жүзеге асырылады. Академиялық үлгерімі, қабылдаушы тілді (немесе ағылшын тілін) білуі ескеріледі.

9.5. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша іріктелген студенттер үйлестірушімен кеңесе отырып, қабылдаушы университеттің оқу бағдарламасымен танысып, жекелеген пәндер бойынша сәйкестігін анықтайды. Академиялық қарыздарды жою шарттарына сәйкес студенттік міндеттемелерімен танысады.

9.6. Аталған құжат өз кезегінде, академиялық атағыболашақ мамандығы бойынша есепке алынатындығына кепіл болады.

9.7. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушы студентке университет КазГЮИУ-дың білім беру порталына қашықтан кіру мүмкіндігін береді. Бұл арқылы студент КазГЮИУ-дың оқу жоспары бойынша оқу пәндерін өз бетінше меңгеріп отырады

9.8. Қабылдаушы университетке барған кезде білім алушы сол оқу орнының тәртібі бойынша барлық әкімшілік рәсімдерден өтеді.

9.9. Білім алушы кез келген шәкіртақыны немесе білім алу үшін қажетті көмекті мемлекет, аймақтық немесе жергілікті әкімшілік тарапынан, сол Университеттен, немесе басқа да мекемелерден ала алады.

9.10. Білім алу мерзімі аяқталғаннан кейін білім алушы үйлестірушіге академиялық анықтамасын (транскрипт) береді.

 

  1. Университет оқытушылары мен қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру механизмі.

10.1. Осы бөлімнің ережелері, коммуналдық қызметкерлер мен университет қызметкерлеріне де қолданылады.

10.2. Ғылыми кеңес ПОҚ және қызметкерлердің академиялық ұтқырлықтарының жалпы кезең бойынша шектеулерін белгілеуге құқылы.

10.3. Оқытушылар мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлық бойынша тиімді жолдары:

дәріс оқу, сабақ және кеғестер өткізу;

біріккен тақырыптар бойынша ғылыми жұмыстарға қатысу;

  • білім жетілдіру бағдарламаларына қатысу;
  • шығармашылық демалыс кезінде тағлымнамадан өту;
  • конференциялар мен семинарларға қатысу.

10.4. Іссапардың мақсаты мен міндеттерін анықтайтын негізгі құжат, техникалық қызмет (сервис) болып табылады. Іссапарға жіберу үшін кафедра (зертхана, бөлім) меңгерушісі қол қойып, құрылымдық бөлімшенің басшысы бекітеді.

10.5. Оқытушылар мен қызметкерлерді қаржыландыру бюджеттен тыс қаражат, немесе басқа көздер есебінен жүргізіледі.

10.6. Оқытушылар мен қызметкерлердің өзге де жоғары оқу орындары мен ұйымдарға  сапарлары өз тараптары тұрғысынан болған жағдайда, жеке сапарлар болып жүзеге асырылады. Бұл жағдайда әкімшілік іссапар құжаттарын рәсімдеуге көмектесе алады.

10.7. Оқытушылар мен қызметкерлердің іссапар есебі кафедра (зертхана, бөлім) мәжілісінде тыңдалады.

10.8. Оқытушылар мен қызметкерлер құжаттарын толық рәсімдемеген жағдайда, жұмысқа шықпауына әкеп соғады да, тәртіптік әрекет ретінде сараланады.

10.9. Проректорлар мен факультет декандарын академиялық ұтқырлық бойынша іссапарға жіберу шешімін Университет ректоры қабылдайды.

 

  1. Шетелдік студенттер мен мамандардың академиялық ұтқырлығы.

11.1. Шетелдік студенттердің академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру нысаны ЖОО аралық ынтымақтастық болып табылады.

11.2. Шетелдік студенттерді жеке академиялық ұтқырлық бойынша шақыртудың негізгі нысаны, бекітілген форма бойынша сауалнама-өтiнiш алу болып табылады, ол келесі семестр басталғанға дейін 3 айдан кешiктiрмей қабыладанады.

11.3. Шетелдік студенттерді жеке академиялық ұтқырлық бойынша шақыртуды Университет ректоры шешеді. Қажетті құжатар: сауалнама-өтiнiш, төлқұжат көшірмелері, бұрын алған білімі туралы мәліметтер, шетел студентін қабылдау және жатақханадан орын беру туралы факультеттен қолдаухат.

11.4. Оқу төлемақысы, көлік шығындары, тұрғын үй, азық-түлік, медициналық көмек студенттің өз қаражаты немесе жіберген тараптың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

11.5. Шетел мамандары академиялық ұтқырлық бойынша ғылыми жұмыстар мен дәріс оқуға Университетке 5 айға дейінгі мерзімге шақырылуы мүмкін.

11.6. Байқау бағдарламасы немесе келісімнің шарттарына сәйкес студенттерді қабылдау туралы хабарландыруды орыс және шет тілдерінде университет порталында орналастыру арқылы жүзеге асырылды.

11.7. Берілген ақпаратта оқытуға ұсынылған пәндер, өтініш қабылдау мерзімі, міндетті шарттар, сауалнама-өтiнiштің үлгісі көрсетіледі.

11.8. Өтініштер қабылданып, қанағаттандырылған жағдайда шығарылған шешім өтініш берушіге және университтерге хабарланып, визалық көмек көрсетіледі.

11.9. Академиялық ұтқырлық бойынша келген студенттің және маманның тұрғын үй мәселесі, келуі және медициналық көмек көрсетілуі КазГЮИУ бекіткен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

11.10. Оқытуды сертификаттау КазГЮИУ  бекіткен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.