Негізгі бағыттар

Негізгі бағыттар

  • Университеттің стратегиялық даму мүдделеріне сәйкес келетін шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік қатынастар орнату.
  • Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу (бакалавриат, магистратура деңгейіндегі 2 диплом бағдарламалары).
  • Университеттің барлық мамандықтары бойынша магистранттар мен докторанттардың шетелдік ғылыми тағылымдамаларын әзірлеу және үйлестіру.
  • Университеттің бірлескен ғылыми бағдарламалары мен жобаларын басқару.
  • Университеттің студенттері, магистранттары мен оқытушыларының сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.
  • Университетте Халықаралық сипаттағы іс-шараларды (оның ішінде ҒПК, шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдарын тарта отырып, форумдар, семинарлар) дайындау және өткізу.
  • Халықаралық деңгейдегі іс-шараларда университет атынан өкілдік ету функцияларын жүзеге асыру.
  • Білім беру қызметтерінің халықаралық нарығында университеттің оң имиджін қалыптастыру.
  • Шетелдік студенттерді оқуға тарту.
  • Фандрайзинг. Университеттің халықаралық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру үшін қосымша қаржыландыру көздерін іздеу.
  • Университеттің халықаралық қызметін басқару және үйлестіру.