Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы

Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы

Zav. kafedry GPD

Кафедра меңгерушісі: Флюра  Галимовна Ибрагимова

Ғылыми атағы мен дәрежесі:заң ғылымдарының кандидаты, Республикалық оқу- әдістемелік секцияның «Құқық» мамандықтар тобы бойынша мүшесі

Кафедра меңгерушісінің ғылыми қызығушылықтары: мемлекет және құқық теориясы, азаматтық құқық, азаматтық – іс жүргізу құқығы

Кафедра меңгерушісінің және оқытушыларының жеке, кәсіптік жетістіктері:

Кафедра оқытушылары үнемі өзінің кәсіптік деңгейін жетілдіріп отырады, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысады, онлайн – дәрістер өткізеді, біліктілігін арттыру курстарынан және ғылыми стажировкадан өтеді.

Кафедра меңгерушісінің және оқытушыларының қоғамдық қызметке қатысуы:

Кафедраның ПОҚ қоғамдық қызметте тұрғындарға кеңес беру көмегін көрсетеді, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырады, қала мен өңірдің барлық спорттық іс- шараларына белсене қатысады.

Кафедраның мекен- жайы: Азаматтық- құқықтық пәндер кафедрасы Абай көшесі 94 үй, № 4 кабинет мекен жайы бойында орналасқан.

Кафедраның тел/факсы 8 (7222) 525226, 567358

Кафедралық E-mail - kafedra_gpd@dk.ru

Қабылдау күндері: Дүйсенбі, Сәрсенбі, Жұма

Қабыладау уақыты: 9:00 - 18:00

img-20161018-wa0006-2

 

 

Кафедра лаборанты: Ергалиева Гүлден

E-mail: gulden_ergalieva@mail.ru

Кафедра қызметі туралы жалпы ақпарат

Профессорлық-оқытушылық құрам:  Кафедрада оқытушылары еңбек қызметін келесі пәндер бойынша жүзеге асырады: азаматтық процесс және азаматтық құқық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, кәсіпкерлік құқық, зияткерлік меншік құқығы, халықаралық дербес құқық, нотариат, Адвокатура, Жер құқығы, Еңбек құқығы, Еңбек даулары, Аудиторлық құқық, Экологиялық құқық, мемлекеттік сатып алуларды құқықтық реттеу, Шаруашылық және коммерциялық құқық және т.б.

Соңғы жылдары кафедра құқық магистрі академиялық дәрежесі бар дарынды жастармен толықты, олармен аға ұрпақ өкілдері өздерінің тәжірибесі мен білімдерімен бөліседі.

АҚП кафедрасы 2002 жылы құқықтық пәндер кафедрасының бөлінуі нәтижесінде ұйымдастырылды.

АҚП кафедрасында күндізгі,  кешкі, қашықтықтан оқыту оқыту түрлері бойынша жаңа арнайы курстар оқу процессіне енгізілді: Зияткерлік меншік құқығы, Ақылы қызмет көрсету саласындағы шарттар, Заттық құқық, Еңбек даулары, Ақпараттық құқық, Медициналық құқық,  Еңбек заңнамаларының өзекті мәселелері, Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу заңнамаларының өзекті мәселелері, Мұрагерлік құқық және мұрагерлік процесс және т.б.

Білім беру саласындағы инновациялық процесстер, жаңа білім беру парадигмасына көшу және ұлттық моделді енгізу жеке тұлғаға бағытталған оқыту мәселесінің маңыздылығын негіздейді және оқу процессін оқушылардың танымдық қызметін басқару ретінде жобалау түрлерін қайтадан ой елегінен өткізуді талап етеді. Бұл өз кезегінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алуға мүмкіндік беретін және түрлі деңгейде оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін технологияларды пайдалану қажеттігін анықтайды. АҚП кафедрасында оқу процессін ұйымдастыру кафедраның профессорлық- оқытушылық құрамының білім беру қызметін жоо бітіру мамандықтары үшін талаптарын олардың еңбек нарығында талап етілу болашағын қамтамасыз ету, оқушылардың оқу материалын игеру деңгейін арттыруға ықпал ететін қазіргі заманғы технологияларды құрастыру мен пайдаланудың сапалы жүзеге асыруын, кафедраның ПОҚ  жоғары мектептегі инновациялық технологиялар мен алдыңғы қатарлы тәжірибе бойынша семинарларға қатысуын, енгізілетін технологиялар мен әдістемелерге бақылау жасау, оқу- әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету сапасын жетілдіруді, әдебиетпен қамтамасыз етілуді, кафедраның ПОҚ оқу және оқу- әдістемелік құралдарын шығаруын, пәндер бойынша сапалы ОӘК құруды есепке ала отырып кредиттік оқыту жүйесінің шеңберімен негіздей отырып ұйымдастыру.

Кафедра танымал ғылыми орталықтардың бірі бола отырып тәжірибемен байланысын үзбейді. Кафедра өкілдері жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ және т.б. ғылыми- кеңес беруші кеңестерінде тұрақты түрде жұмыс істейді. Кафедра беделінің жоғары екеніне түрлі ұйымдар мен жеке тұлғалардың азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек заңнамаларының неғұрлым күрделі мәселелері бойынша өтініштер жасауы дәлел бола алады.

Кафедра ғылыми зерттеу орталығы шеңберінде жүзеге асырылатын «Азаматтық құқықтың өзекті мәселелері» ҒЗЖ тақырыбымен жұмыс жасайды, оның зерттеу пәні «Қазақстан – 2050 стратегиясынан туындайтын Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтарын жүзеге асырудың тетіктері, кепілдіктері» болып табылады– ҚР БҒМ ғылым комитетіндегі мемлекеттік тіркеу номері 03.05.2013 жылғы 0003RN00311.

Қазіргі таңда кафедрада болашақ маман тұлғасын қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс тәрбие жұмыстарының белгілі бір жүйесі қалыптасты. Кафедрада студент тұлғасының рухани, мәдени, адамгершілік және білімдік қалыптасуы мен дамуы үшін әлеуметтік- экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктерді қамтамасыз етуге, сондай- ақ оның кәсіптік, зияткерлік және шығармашылық мүмкіншіліктерін бүкіл қоғам мүддесі үшін пайдалануға бағытталған кешенді іс- шаралар жасалып, құрастырылып, қабылдануда. АҚП кафедрасының жүргізіп отырған тәрбие жұмыстарының мақсаты тиісінше әрекет ете алатын, өзгеріп отыратын жағдайға жылдам бейімделе алатын , басқарушылық шешімдер қабылдай алатын, белсенді, алға қойған мақсаты айқын тұлғаның өмір сүрушілік қабілетін қалыптастыру деп анықталған. Соған байланысты кафедрада тиісті іс- шаралар: куратор сағаттары, дөңгелек үстелдер, семинар- пікірталастар, дебаттар өткізіледі, олар болашақ маманның кәсіптік сапаларын қалыптастырумен қатар оң, жасампаз көзқарастарға ие, адамгершілік негізі мығым, жауапкершілік сезімі жоғары деңгейдегі, саналы түрде таңдау жасауға және Отан игілігіне және өз игілігіне бағытталған дербес шешімдер қабылдауға қабілетті азамат тұлғасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

2008 жылдан бастап АҚП кафедрасында азаматтық, еңбек және отбасылық құқық мәселелері бойынша «Азамат» ғылыми клубы жұмыс істейді, оның жұмысын ұйымдастыруда негізгі рөлді кафедра оқытушылары мен үздік студенттер атқарады. Кафедра жанынан студенттік заң клиникасының жұмысының жолға қойылғанын ерекше атап өтуге болады, онда студенттер өңір тұрғындарына тегін білікті құқықтық көмек көрсетеді.

Кафедра  сапасы саласында көзқарастарды, құндылықтарды және саясатын дамыту бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді. Кафедра көптеген мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындармен іскерлік қатынастар орнатқан, мұның өзі «Заңгер» мамандығының күндізгі және сырттай оқу бөлімдері студенттерінің өндірістік тәжірибеден өту бойынша шарттарының болуымен расталады, олар: №1 сот, Семей қаласының әділет басқармасы, «АТФ банк», «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Семей қаласының әкімдігі» ММ, адвокат кеңселері, нотариустар, шағын несиелік мекемелер және т.б.

 

Создано 14.03.2016

Обновлено 23.02.2019