Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы

Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы

Кафедар меігерушісі: Сабитов Серик Мухаметказинович

Кафедра меігерушісінің ғылыми/академиялық дәрежесі: 6D030100-Құқықтану мамандығы бойынша (PhD) докторы

Кафедра меңгерушісінің ғылыми қызығушылықтары: Қылмыстық іс жүргізу аясындағы қылмыстық қудалаудың жария және жеке түрлерімен байланысты құқықтық қатынастар. Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде адам құқықтары мен оның заңды мүдделерін қамтамасыз ету және сақтау үшін Қазақстан Республикасында қылмыстық сот төрелігін дамытуға бағытталған сот тәжірибесін жалпылау.

«Мемлекеттік емес детективтік қызметтің нәтижелерін қылмыстық істер бойынша дәлел ретінде қолдану» оқу құралдары жарық көрді.

  • Кафедраның және ПОҚ жеке және кәсіби жетістіктері:Кафедраның жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамы жоғары, сапалы білім кепілі. Кафедраның кадрлық әлеуеті білім беру қызметін лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс және оқытушылардың білімінің жоғары деңгейі мен оқу процесінде студенттерге білімді тиімді беру үшін қажетті дағдылар мен тәжірибеге ие болуын қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар кері байланыс орнатуға арналған заманауи оқыту әдістерін меңгеруі  сапалы білім кепілдігі. Оқытушылар мен студенттерге академиялық міндеттерді тиісті орындай отырып, зерттеу және оның нәтижелерін жариялау еркіндігі берілген. Ғылыми зерттеу жетістіктерінің материалдарын университет оқытушылары оқу процесінде қолданады. Кафедра оқытушылары шығарған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу құралдары, монографиялар университет кітапханасына өткізіледі. Кафедраның оқытушылары 92,89 п.б. көлемінде 8 оқулық шығарды; 3 монография, 88 ғылыми мақалалар, оның ішінде: нөлдік импакт-факторы бар ғылыми жарияланымдарда-3, ВАК тізіміне енген басылымдарда-9, конференциялардағы баяндамалар - 44, оның ішінде шетелдік баспаларда - 17.

ҚҚП кафедрасында келесі пәндер бекітілген: «ҚР қылмыстық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім); «ҚР қылмыстық-процестік құқығы» (жалпы және ерекше бөлім); «ҚР қылмыстық-атқару құқығы»; «Криминология»; «Криминалистика»; «ҚР құқық қорғау органдары»; «Сот дәлелдемелер теориясы»; «Сот сараптамасы»; «Жедел-іздестіру қызметі»; «ҚР прокурорлық қадағалау»; «Сот медицинасы және сот психиатриясы негіздері»; «ҚР ішкі істер органдарының әкімшілік тәжірибесі»; «ҚР заңдардың атқарылуына прокуррлық қадағалау»; «Қылмыстарды саралау негіздері»; «Тергеушінің жедел-іздестіру қызметімен өзара әрекеті»; «Қылмыстарды тергеудің криминалистикалық әдістері мен тәсілдері»; «Ауыр қылмыс түрлерін тергеу»; «Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс»; «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы»; «Отбасы және кәмелетке толмағандарды қылмыстық-құқықтық қорғау». Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасында оқытудың күндізгі және кешкі нысандарына  12-ден астам жаңа арнайы курстар жасалып, оқу үдерісіне енгізілді (сыбайлас жемқорлық, ұйымдасқан қылмыстылық және нашақорлықпен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологияық мәселелері, криминалистика бойынша практикум, сот дәлелдемелер теориясы, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жеке түрлерін ашу мен тергеудің сотқа дейінгі әдістері және т.б.). Дәстүрлі оқыту әдістері аудиторияда оқытудың инновациялық түрлерімен үйлеседі, мысалы, бейне және аудио материалдарды пайдалану, бейнежазба, сот отырыстарына қатысу, бас бостандығынан айыру жазасын орындайтын мекемелерге бару болашақ заңгердің кәсіби білімі, білігі мен дағдыларын игеру мақсатында жеке дара дайындықтың қажеттілігі  туралы студенттердің құқықтық санасын қалыптастыруға көмектеседі. Бұл сот отырысы, сотқа дейінгі тергеу кезіндегі қылмыстық істер бойынша оқу тергеу әрекеттері түріндегі рөлдік ойындар түрінде көрініс табады. Студенттердің өздері де демонстрациялық алаңға және оқу процестеріне белсенді қатысады. Лабораториялық сабақтар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ҚҚП кафедрасында екі зертхана бар, олар «Криминалистикалық зертхана» және «Сотқа дейнгі тергеу зертхана», сонымен қатар «Оқу сот процесі залы» бар. Бұл зертханалар мен мамандандырылған кабинеттің басты мақсаты - студенттерге қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу органдарына мейлінше ұқсас шарттарда жұмыс істеудің тәжірибелік біліктілігі мен дағдыларын алуға жағдай жасау. Материалдық база мен жабдықтар, зертханалар жыл сайын университет әкімшілігінің қарауынан өтіп, жетілдіріліп отырады. Оқу зертханалары Семей қаласы, Абай көшесі, 94 мекен-жайы бойынша Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің, Заң факультетінің, №1 ғимаратының жертөлесінде орналасқан. Сабақ өткізуге арналған зертханалардың бөлмелері зертханалық жиһаздармен, су құбырларымен, жылыту жүйесімен, ағынды сулар, желдету жүйесімен жабдықталған. Сот отырысының жаттығу бөлмесі барлық заманауи техникалық құралдармен жабдықталған, оның барлық параметрлері мен талаптары сот жүйесіндегі сот бөлмесіне сәйкес келеді, бұл оқу процесін шынайы сот отырысына мүмкіндігінше жақындатуға мүмкіндік береді. Сот залында сабақтар келесі пәндер бойынша өтеді: «Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Сот дәлелдемелер теориясы», «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі», «ҚР Прокурорлық қадағалау», «ҚР заңдардың атқарылуына прокурорлық қадағалау» Сабақтан тыс уақыттарда студенттер оқытушылармен, әлеуметтік серіктестермен бірге семинар-тренингтер, оқу сот отырысын өткізеді.

ПОҚ кафедраның қоғамдық жұмыстарына қатысу:

2008 жылдан бастап кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы (з.ғ.к. Утебаве Е.К., Темиргазин Р.Х.) ҚР ІІМ ШҚО және Семей қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті мекемелері бойынша Еуропа одағының Қазақстандық халықаралық бюросының, ГРНТИ коды 10.83: ОВ - 156/14, 156 / 15, 156/16 және 156/19 адам және азаматтың бас бостандығынан айыру орындарындағы құқықтары мен бостандықтарының сақталуы жөніндегі қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері болып табылады.

2009 жылдан бастап кафедра Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясының жанынан құрылған, Қазақстан Республикасының Алматы, Қарағанды, Қостанай қалаларындағы ҚР ІІМ Академиясы, Ақтөбе қаласындағы ҚР ІІМ Заң институты және т.б. кіретін 6В12330 «Құқық қорғау қызметі» Республикалық білім беру бағдарламасының мүшесі болып табылады.

ҚҚП кафедрасында әлеуметтік серіктестермен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ОВ 156/16 мекемесі» Республикалық мемлекеттік мекемесімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін келісімдер жасалған және «Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі ШҚО Полиция Департаментінің Семей қаласының Полиция Бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру туралы келісім жасалған. 2017 жылдың сәуірінде ШҚО ҚБК мүшелері, з.ғ.к. Утебаев Е.К. және Темиргазин Р.Х.  «Қадір-Қасиет» қоғамдық бірлестігімен «Азаптауға қарсы (азаптаулар мен сотталушыларға заңсыз қарым-қатынас жасаудың алдын-алу)» жобасы бойынша мониторинг қызметін ұсыну туралы ҚБ «Қадір-қасиет» және Германия Федеративті Республикасының Үкіметі арасындағы шарт шеңберінде келісім жасалды.

Кафедра меңгерушісінің және оқытушылардың марапаттары:

  1. Сабитов С.М. – (Рэдинг Университеті, Ұлыбритания) «Заманауи жоғары білімдегі профессионализм» тақырыбында Джеймс Суинидің дәрісіне қатысу туралы сертификат 4-5 наурыз 2011 жыл;
  2. Утебаев Е.К. – (Durham Университеті, Ұлыбритания) «Адамның халықаралық құқығы» тақырыбында Джеймс Суинидің дәрісіне қатысу туралы сертификат 28 қараша – 2 желтоқсан 2011 жыл;
  3. Каражанов М.Д. 30 желтоқсан 2014 жылы «ЖОО Ең үздік оқытушысы» атағын иеленді;
  4. Утебаев Е.К. – 2014 жыл сәуір ҚР БҒМ құрмет грамотасы.
  5. Сейданов А.Б. – Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 20-жылдығына орай ШҚО әкімі орынбасарының құрмет грамотасымен марапатталған, қараша 2018 жыл.
  6. Айдарова А.А. – Семей қ. Әкімінің алғыс хатыен марапатталған, қараша 2018 жыл.
  7. Сабитов С.М. – «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің» 20-жылдық мерейтойына орай мерейтойлық медальмен марапатталған, қараша 2018 жыл.
  8. Утебаев Е.К. – «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің» 20-жылдық мерейтойына орай мерейтойлық медальмен марапатталған, қараша 2018 жыл.
  9. Темиргазин Р.Х. – үздік куратор ретінде ректорың құрмет грамотасымен марапатталған, қараша 2018 жыл.

Кафедра мекен-жайы және кабинет нөмірі: Кафедра ШҚО, Семей қ., Абай к-сі, 94 №1 ғимаратта орналасқан. Кабинет№9

Кафедра тел/факс: тел.: 8 (7222) 56-73-58, 52-52-26

Кафедра лаборанты: Сасанова Карлыгаш Дуйсенгалиевна

Кафедра Е-mail: updkazguiu@gmail.com

Қабылдау күндері: Дүйсенбі - Жұма

Қабылдау уақыты: 9:00 - 18:00

Кафедра лаборанты

Сасанова Карлыгаш Дуйсенгалиевна

Кафедра қызметі туралы жалпы ақпарат

«Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасында құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен өткізілетін «Жас процедурист» ғылыми-студенттік үйірмесі жұмыс істейді. үйірменің мақсаты - студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін, олардың университетте жүргізілетін ғылыми зерттеулерге қатысуын күшейту арқылы мамандардың қалыптасуына қолайлы жағдайлар жасау және дамыту; әр оқушының қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес жеке тұлғаның шығармашылық дамуына құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Кафедрада жоғары оқу орындарымен, прокуратура, ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен ғылыми-практикалық семинарлар, ашық сабақтар өткізіледі. Бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша шарт жасалған (прокуратура, сот, ІІБ, сонымен қатар студенттердің еріктері бойынша және келісім бойынша басқа ұйымдар мен мекемелерде, әскери прокуратура, ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасы, Семей қ. Транстпорт станциясының ЖІІБ, студенттердің тұрғылықты жерлері бойынша ҚР, облыс, өзге де аудандар мен қалалардың құқық қорғау органдары мен заң заң құрылымдары) органдар мен мекемелермен оқу-танысу және оқу-кәсіби (өндірістік) тәжірибелерді ұйымдастырады. Семей қ. Қазақ инновациялық гуманитарлық-аң университетінің 20-жылдығын тойлау шегінде 2018 жылдың 16 қарашасында сот отырысы оқу залының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өткізілді. ҚазИГЗУ мен Шығыс-қазақстан облысының соты арасында «барлық тәжірибе түрлерін өткізу туралы және ынтымақтастық туралы» Шығыс-қазақстан облыстық соты меморандум жасау бастамасын білдірген.   Меморандум Семей қалалық сотының төрағасы Н.Б. Абдикаримов пен ҚазИГЗУ ПОҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде жасалды. Меморандумның мақсаты Семей қалалық сотында құқықтану кафедрасын ашу, педагогика және психология кафедрасының ПОҚ судьялар үшін дәріс оқу және заң факультеті студенттеріне судьялардың дәріс оқуы, сонымен қатар ШҚО территориясында жаңа тәжірибе базаларын ашу болып табылады. Меморандум ҚазИГЗУ ректоры, профессор Құрманбаева Ш.А. мен облыстық сот судьясы, ШҚО бойынша Судьялар одағы филиалының төрағасы, з.ғ.к. Жумаксанов Е.Ш. арасында жасалды.