Гуманитарлық факультет

Деканат

Декан: Мамырбеков Арафат Мәжитұлы

Ғылыми дәрежесі мен атағы: Тарих ғылымдарының кандидаты

Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: Шығыс Қазақстандағы неміс және поляк диаспораларының тарихы (ХХ ғасыр).

Өмірбаяны және ғылыми-педагогикалық қызметі: 1979 жылдың 31 мамырында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Тарбағатай ауылында дүниеге келді. 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдады. Еңбек жолын Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде оқытушы ретінде бастаған. 2007 жылы «Тарих» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 2010 жылдың 31 мамырында Шығыс Қазақстандағы неміс және поляк диаспораларының тарихы жөнінде кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

«Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2011-2012 жылдары Америка Құрама Штаттарының Питтсбург мемлекеттік университетіндегі Орталық Азиядағы бизнес және зерттеу институтында шақырылған маман ретінде кәсіби тағылымдамадан өтті.

2016 жылы Герман Федеративтік Республикасының DAAD стипендиялық бағдарламасы бойынша Галле қаласында Макс Планк атындағы әлеуметтік антропология институтында тағылымдамадан өтті, зерттеу тақырыбы – «Қазақстандық немістердің жаңа қоғамға бейімделу проблемалары».

2018 жылы үш ай көлемінде Франция мемлекетінде «Франциядағы қазақ диаспорасының қалыптасуы мен даму тарихы» тақырыбында постдокторлық зерттеу жұмысын жүргізді.

2012 жылдан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Философия және саясаттану кафедрасының доценті қызметін атқарды.  Қазіргі таңда Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті мен Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте тарих және саясаттану пәндерінен сабақ береді.

Жоғарғы мектептегі педагогикалық қызметпен қатар бейресми білім беру және үкіметтік емес сектор салаларында сертификатталған халықаралық тренер қызметін атқарады. ҚР ҮЕҰ эксперттік орталығы тренерлерінің мәліметтер базасына енген. ҚР Білім және ғылым министрлігі сынды мемлекеттік органдардың жобалары, БҰҰДБ, ОАЕҚ, Әлемдік банк сынды халықаралық ұйымдар мен отандық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобалары, ұлттық және трансұлттық компаниялардың бизнес жобалары аясында түрлі мақсаттық топтарға оқыту тренингтерін өткізеді.

Қазақстан, Түркіия, Германия, Польша, Франция, Солтүстік Кипр, Қырғызстан, Монғолия, Ресей, АҚШ елдерінде өтіп тұратын ғылыми конференциялар, форумдар мен семинарларға үнемі қатысады.

3 монография және 30-дан астам ғылыми мақалалардың авторы.
Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген.
Деканат мекенжайы: Семей қ., Шмидт көшесі, 44, №36 кабинет
Деканаттың телефон нөмірі: (722-2) 77-31-12
е-mail: arafatmamyrbekov@gmail.com
Жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Дб - Жм
Қабылдау уақыты: 15:00 - 18:00.

Деканның орынбасары

Азатов Азамат Азатұлы

е-mail: azatovkz@gmail.com

Гуманитарлық факультет әдіскері

Майтканова Гульжан Кураловна

guljan0660@mail.ru

Гуманитарлық факультет хатшысы

Молдағалиева Зере Сұңғатқызы

gum.fak00@mail.ru

Факультет туралы жалпы мәліметтер

Гуманитарлық факультет Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің №70 бұйрығымен құрылған болатын.

Гуманитарлық факультет колледждер, мектептер мен кәсіби училищелер үшін педагогикалық мамандықтар мен әлеуметтік жұмыс мамандарын даярлайды. Факультетте әлеуметтік-гуманитарлық, психология-педагогикалық ғылымдар бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жоғары санатты кәсіби мамандар білім беруде. Мамандарды даярлау күндізгі және сырттай оқу формалары бойынша жүргізіледі.

Гуманитарлық факультет деканы болып әр жылдары қызмет атқарғандар: с.ғ.д. Уранхаева Гүлмира Телманқызы, ф.ғ.к. Алина Гүлшат Мұратқызы, п.ғ.к. Сламбекова Толқын Сламкұлқызы, ф.ғ.к. Мұқажанова Раушан Мұратқанқызы, ф.ғ.к. Төлебаева Құралай Тоқтарқызы.

2013 жылдан бастап факультет деканы болып филология ғылымдарының докторы, «2012 жылдың ЖОО үздік оқытушысы» ҚР БҒМ атағының иегері Сейітова Шынар Ботайқызы тағайындалды. 2009 жылы Сейітова Ш.Б. «ҚР Ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» ҚР БҒМ мен «Шәкәрім» мараппаттарына ие болған, үш монографияның, 60-тан астам ғылыми мақалалардың авторы. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – этнолингвистика, лингвомәдениеттану.

Факультетте даярланатын мамандықтардың тізімі:

Бакалавриат:

  1. 5В010200 Педагогика мен бастауышты оқытудың әдістемесі;
  2. 5В010300 Педагогика мен психология;
  3. 5В011400 Тарих;
  4. 5В011600 География;
  5. 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті;
  6. 5В011900 Шет тілі: екі шет тілі;
  7. 5В020300 Тарих;
  8. 5В020500 Филология;
  9. 5В090500 Әлеуметтік жұмыс;
  10. 5В050200 Саясаттану.

Магистратура:

  1. 6М020500 Филология: қазақ филологиясы
  2. 6М020500 Филология: шетел филологиясы
  3. 6М020500 Филология: орыс филологиясы

2013-2014 жылы 6М011400 «Тарих» мамандығы бойынша магистратура ашылды.

Оқу үрдісі факультетте ЖОО жұмыс жасау еңбек өтілімі мен ғылыми дәрежесі бар жоғары кәсіби профессорлық-оқытушылық құраммен жүзеге асады. ГФ ПОҚ жаңа заман мамандарын даярлаудың инновациялық жүйесі мен филология саласы бойынша инновациялық магистрлік бағдарламаларды жасауда белсенді атсалысуда.

ФАКУЛЬТЕТ КАФЕДРАЛАРЫ

Қазіргі уақытта факультетте 3 кафедра жұмыс атқаруда: (педагогика мен психология кафедрасы; филология кафедрасы, әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар кафедрасы;). Оқу үрдісін штаттық 98 оқытушы жүзеге асыруда, олардың 10-ы профессор, 8-і доктор, 20-сы ғылым кандидаттары. Факультет кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамы оқу үрдісін жетілдіру, білім беру сапасын арттыру, негізгі ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен өткізуді жүезеге асыру бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР

Факультет Түркия елінің озық университеттері мен ғылыми орталықтарымен ғылыми байланыс жасауда: Денизли қаласы, Памуккале университеті, Стамбул қаласы, Мармара университеті, сондай-ақ Ресей университеттерімен.

Академиялық алмасу университет пен әріптес-ЖОО арасында жасалынған келісімшарттар, халықаралық ұйымдар, қорлар және өзге де ұйымдармен жасалынған келісімдер негізінде жүзеге асады.

ФАКУЛЬТЕТТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ:

- Компьютерлік сыныптар (№3 оқу ғимараты, ауд.23,24). Факультетте екі компьютерлік сынып жұмыс жасауда. Мұнда ИКТ пайдалана отырып барлық пәндер бойынша сабақтар өткізіледі.

- Психологиялық жүктеме кабинеті (№3 оқу ғимараты, ауд.38).

МБС сәйкес факультеттің барлық студенттері мен магистранттары оқу, өндірістік және диплом алды практикадан өту орындарымен қамтамасыз етілген.

ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ

Факультетте университет түлектерін лайықты еңбекпен қамтуға септігін тигізетін ұйымдастыру іс-шаралары (семинар-тренингтар, шеберлік сабақтары, бос орын жәрмеңкесі, карьера күндері, жұмыс берушілер ұйымының презентациясы және т.б.) жүргізілуде. «Кәсіби білім беру мен түлектерді жұмыспен қамтудың өзекті мәселелері: бүгіні мен даму болашағы», «педагогикалық мамандық түлектерінің кәсіби құзіреттілігі» және өзге де «дөңгелек үстел» жиындарындағы бәсекелестікке қабілетті мамандарды даярлауға теориялық және практикалық қатынастарды талқылау нәтижесінде еңбек нарығының сұранысы мен болашақ жұмыс берушілердің қалауымен компетентті маман даярлаудың алғышарты ретінде элективті пәндер қатарына жаңа пәндер енгізілген болатын.

Создано 20.03.2016

Обновлено 03.12.2019