Филология кафедрасы

kaz_fil

Кафедра меңгерушісі – Төлебаева Құралай Тоқтаровна

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: Филология ғылымдарының кандидаты

Ғылыми қызығушылықтары: әдеби өлкетану, түркі әдебиеті.

Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қалихан Алтынбаевтың әдеби мұрасы»

Негізгі жарияланымдары: 45 мақала, 3 оқу-әдістемелік құрал, 2 монография

 

 

Марапаттары, жетістіктері: «Болашақ» бағдарламасы стипендиясының иегері (2012ж). Стамбул қаласындағы (Түркия) Мармара университетінде тағылымдамадан өтіп,  «ЖОО үздік оқытушысы-2013» атағын алды.

Кафедра мақсаты: қазақ, орыс және шетел әдебиетінің тарихы мен теориясын, сынын, әдебиеттану мен тіл білімінің өзекті мәселелерін терең зерттеу.

Кафедра жұмысының негізгі бағыттары: ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейінгі әдебиет тарихын зерттеу. Қазіргі ғылыми-теориялық зерттеулер контексінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін арттыру. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін сипаттау-салыстырмалы, теориялық, инновациялық деңгейде синхроникалық және диахроникалық зерттеу. ПОҚ әдеби өлкетануды және оның отандық әдебиет тарихындағы рөлін зерттеу бойынша ғылыми жұмыстар жүргізеді. Филология кафедрасында әдебиет тарихы мен тіл білімінің өзекті мәселелерін зерттеу және оқыту үшін барлық жағдайлар жасалған.

Кафедраның білім беру бағдарламалары: 

Кафедра студенттері мен магистранттарының, докторанттарының ғылыми-зерттеу жұмыстары: білім алушылар ғылыми жұмысқа белсенді қатысады, кафедрада «Филолог» және «Lingualcircle» ғылыми үйірмелерінің жұмысы жүргізіледі. Студенттер отандық және шетелдік филология ғылымының өзекті мәселелерін зерттеумен айналысады, ғылыми конференцияларға қатысады, өз ізденістерін ғылыми журналдарда белсенді жариялайды.

Оқытушылар оқу процесінің басты ресурсы болып табылады және білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алушыларға білім берудің тиімділігі үшін толыққанды білім мен тәжірибеге ие. ББ іске асыруды базалық педагогикалық білімі бар және ғылыми және ғылыми-әдістемелік қызметпен айналысатын, ғылым докторы және/немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар педагог кадрлар қамтамасыз етеді.

ББ-да оқылатын пәндердің мазмұнына байланысты оқытушылар оқытудың әртүрлі әдістері мен технологияларын кеңінен қолданады: жобалар әдісі, сыни ойлау технологиялары, «кейс-стади», презентациялар, кластерлер және білім алушылардың танымдық белсенділігін белсендіруге мүмкіндік беретін басқа да әдістер.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы республикалық ғылыми жобалар конкурстарына белсенді қатысады. Мәселен, 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру алған кафедра оқытушылары (Сейітова Ш.Б., Гайнуллина Ф. А., Доскеева Ш. А., Касымова А. А., докторант Адилова Ж. К. және т. б.) «Шығыс Қазақстан өңірінің ономастикалық кеңістігі руханият пен ұлттық кодты бейнелеу нысаны ретінде (Тарбағатай, Аягөз, Үржар аудандарының топонимикалық атаулары мысалында)» тақырыбы бойынша ғылыми жобаның орындаушылары болды.

Отандық филологиялық ғылымға қосқан елеулі үлесі ғылыми мақалалардың жарияланымдары, соның ішінде Scopus деректер базасының журналдарында, сондай-ақ аталған аудандардың «Топонимикалық сөздіктерін» басып шығару болды, бұл білім алушылардың облыстың топонимикалық кеңістігінің байлығы туралы түсініктерін кеңейтуге, олардың тілге, әдебиетке, елдің мәдениетіне және т.б. қызығушылығын оятуға мүмкіндік берді.

«ЖОО үздік оқытушысы» республикалық конкурсының иегерлері: Сейітова Ш.Б. (2012), Төлебаева Қ.Т. (2013), Абикенова Г.Т. (2014), Абикенова Г.Т. (2015), Доскеева Ш. А. (2018).

Кафедраның ПОҚ шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынастарды іздеу және орнату үдерісіне қатысады, халықаралық ынтымақтастық орталығымен бірлесіп шақырылған профессорлардың қатысуымен семинарлар мен мастер-кластар ұйымдастырады. Бейнежазбамен және оларды талдаумен ашық сабақтар белсенді түрде өткізіледі. Кафедра оқытушылары 2016 жылдың желтоқсан айында                 «Св. Кл. Охритский» атындағы София университетінің профессоры Христо Кафтанджиевтің  «Білім берудегі менеджмент» және «Семиотика және коммуникация» бойынша дәрістер курсын тыңдады және 2017 жылдың 20-24 қарашасы аралығында осы профессордың «Тиімді коммуникациялар» тақырыбы бойынша дәрістері оқылды.

2019 жылдың 3 сәуірінде Стамбұл университетінде өткен дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары ф. ғ.к. Қабышев Т.Б., ф.ғ. к. Мұқажанова Р.М., ф. ғ. к. Доскеева Ш.А. баяндама жасап, түрік әріптестерімен пікір алмасты.

2019 жылдың 11 желтоқсанында филология кафедрасының ПОҚ Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты және ақынның әдеби мұрасын жастар арасында насихаттау, түркі әлеміндегі ақын шығармаларының орнын анықтау мақсатында Семей, Нұр-Сұлтан қалаларындағы Абай сүюшілердің арасында «Абайды оқи отырып, жетіл» тақырыбында халықаралық онлайн - дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына Түркия ғалымдары да белсенді қатысты.

ББ оқу үрдісінде кафедра оқытушыларының монографиялары мен оқу құралдары кеңінен қолданылады: мысалы, ф.ғ.д. Г. Т. Әбікенованың  «Тілдік құрылымды когнитивті-концептуалды зерттеу мәселелері»,  ф.ғ.к. Ш.А. Доскееваның «Image of contemporaries in A.Nurshaikhov works» (2019 ж.), ф.ғ.д. Г.Т. Әбікенованың «Көркем-мәтін құраушы мағыналық-құрылымдық бірліктердің теориялық негіздері» (2020 ж.), ф.ғ.к. Г.Т. Әбікенованың «Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты» (2020 ж.), ф.ғ.д. Ш.Б. Сейітованың «Этнолингвистика», ф.ғ.д. Г.Т. Әбікенованың «Орфография және пунктуация», «Стилистика», «Қазақ тілінің пунктуация мәселелері»,  ф.ғ.к. Ш.А. Доскееваның «Қазақ диалектологиясы», «Қазақ фольклоры», ф.ғ.к. Р.М. Мұқажанованың «Әлем әдебиеті», п.ғ.к. Н.Қ. Тлебалдинаның «Бағалаудың өлшеу бірліктері», «Тарбағатай ауданының топонимикалық сөздігі» авторлар ұжымы: ф.ғ.д. Ш.Б. Сейітова,  ф.ғ к. Ш.А. Доскеева, PhD докторы А.А.Қасымова және т.б., Г.Т. Әбікенованың «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», Ш.А. Доскееваның «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», «Танымдық лингвистика», «Кәсіби қазақ тілі», «Қазақ тілін оқытудағы жаңа технологиялар», Н.Қ. Тлебалдинаның  «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» және Ш.А. Доскееваның «Абайтану»,  Р.М. Мұқажанованың  «Шетел әдебиетінің тарихы» электрондық оқулықтары.

Филология кафедрасының оқытушылары Республика университеттерінде және шетелдерде дәріс оқып, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

Кафедра оқытушылары жыл сайын халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, неміс тілі оқытушылары ДААД және Гете-институтының Республикалық съездеріне қатысады, Түркия Республикасының университетінде (Стамбұл және Паммукал қалалары), Қырғыз Республикасындағы А.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде, Поль-Валери университетінде, Монпелье (Франция) және т. б. тәжірибе алмасуды жүзеге асырады.

Филология кафедрасының

 профессор-оқытушылар құрамы туралы мәліметтер

Аты-жөні Атқаратын лауазымы Дәрежесі
1

Тулебаева Куралай Токтаровна

Кафедра меңгерушісі Филология ғылымдарының кандидаты
2

Сейітова Шынар Ботайқызы

профессор Филология ғылымдарының докторы
3

Абикенова Гульнат Токеновна

профессор м.а. Филология ғылымдарының докторы
4

Гайнуллина Фарида Ахметовна

доцент Филология ғылымдарының кандидаты
5

Мухажанова Раушан Мураткановна

доцент Филология ғылымдарының кандидаты
6

Бадамбаева Гульфия Аубакировна

доцент Филология ғылымдарының кандидаты
7

Мукашев Еркебулан Советович

аға оқытушы Филология ғылымдарының кандидаты
8

Абикенова Гулнафис Токеновна

аға оқытушы Филология ғылымдарының кандидаты
9

Қабышев Талғат Болатұлы

аға оқытушы Филология ғылымдарының кандидаты
10

Доскеева Шайза Асановна

аға оқытушы Филология ғылымдарының кандидаты
11 Долгушева Татьяна Владимировна аға оқытушы Филология ғылымдарының кандидаты
12

Иманжапар Мұрат Тлегенұлы

аға оқытушы Филология ғылымдарының кандидаты
13

Касымова Асем Аленовна

аға оқытушы PhD докторы
14

Акманова Галия Рахметолиновна

аға оқытушы Педагогика ғылымдарының кандидаты
15

Изатова Альмира Бекетаевна

аға оқытушы магистр
16

Қабдрахманова Үміткүл Байғабылқызы

аға оқытушы -
17

Кабышева Раушан Бактыбаевна

аға оқытушы магистр
18

Кокебаева Бакыт Советкеновна

аға оқытушы магистр
19

Какимжанова Асем Лакуатовна

аға оқытушы магистр
20

Кожахметова Гулим Бакберовна

аға оқытушы магистр
21

Нурбаева Анар Нурлановна

аға оқытушы магистр
22

Борщ Ксения Александровна

аға оқытушы магистр
23

Мүрсәлім Гұлнұр Оразбекқызы

аға оқытушы магистр
24

Садықова Раиса Толеуқызы

аға оқытушы магистр
25

Тастенова Айнагуль Досымжановна

аға оқытушы магистр
26

Нуралинова Дина Кайратовна

аға оқытушы магистр
27

Кадырманова Алтыншаш Курманбековна

аға оқытушы магистр
28

Кныш Ирина Сергеевна

оқытушы магистр
29

Аканова Айжан Амантаевна

оқытушы магистр
30

Мұхаметжан Жарас Төлеутайұлы

оқытушы магистр
31

Бекбаева Альмира Амангелдіқызы

оқытушы магистр

 

Кафедраның мекен-жайы: Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің  оқу ғимараты, Семей қаласы, Шмидт көшесі,44, 2-кабинет

Кафедраның телефоны:  77-34-62 (ішкі нөмір 113)

Кафедраның E- mail-ы: foreign- russian-philology@mail.ru

Қабылдау күндері: Дс - Жм

Қабылдау уақыты: 9:00 - 17:00

Лаборант кафедры Филологии

Кафедра лаборанты

Сабырбекова Кенжегүл Мұхаметқазықызы

Кафедра жайлы толық мәлімет

Кафедраның мақсаты: Әдебиет тарихын, әдебиет сынының тарихын, әдебиеттанудың өзекті мәселелерін, қазақ тіл білімін, қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелерін оқыту, зерттеу арқылы әдебиеттану және тіл білімі ғылымы саласындағы білім мен ғылымды байыту, ағылшын және неміс, түрік тілдерінің өзекті мәселелерін оқыту, зерттеу, шетел тілдерін оқытудағы әдістемелерді жетілдіру.
Кафедра ұстанған негізгі бағыт – қазақ әдебиетінің көне дәуірлерінен қазіргі кезеңге дейінгі тарихын зерделеу. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін ғылыми теориялық бағытта негіздеу; қазақ тілінің синхрониялық және диахрониялық даму жолдарын сипаттамалы-салыстырмалы бағытта жаңа теориялық, инновациялық деңгейде зерттеу. Әдеби өлкетанудың қазақ әдебиеті тарихындағы орны тақырыбындағы ғылыми бағыттарда жұмыс жүргізуде. «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын жүзеге асыру, тілдік коммуникацияны, жоғары деңгейге жеткен елдермен тілдік қарым- қатынасты нығайту.
Филология кафедрасы өз күшін қазақ әдебиеті тарихының және қазақ тіл білімінің өзекті мәселелерін оқытуға және зерттеуге бағыттаған.
6М020500 – «Филология» магистратура мамандығы бойынша 2 ф.ғ.д., профессор, 1 ф.ғ.к. доцент, 6 ф.ғ.к., 4 аға оқытушы, 4 оқытушы, қызмететеді.
Жоғарғы оқу орнында тәжірибесі үлкен: ф.ғ.д. профессор, Ш.Б.Сейітова, ф.ғ.к. Г.А.Бадамбаева, Г.Т.Әбікенова, ф.ғ.к., доцент Р.М.Мұқажанова, ф.ғ.к., доцент м.а. Т.Б.Қабышев, ф.ғ.к., доцент м.а. Қ.Т.Төлебаева, ф.ғ.к., доцент м.а. Г.Т.Әбікенова, ф.ғ.к., Ш.А.Доскеева, ф.ғ.к. Е.С.Мұқашев, п.ғ.к., аға оқытушы Н.Қ.Тлебалдина, доцент Долгушева Т.В., аға оқытушы А.Қ.Құдайбергенов, аға оқытушы Ж.Т.Мұхаметжанов, аға оқытушы Изатова А.Б., аға ақытушы Ү.Б.Кабдрахманова, аға оқытушы Р.Б. Кабышева, аға оқытушы Қ.Б.Даутбаева, Ә.Л.Кәкімжанова, Г.Б.Қожахметова.
Кафедрада білікті оқытушы мамандар сабақ береді: оқытушы П.Б.Қанжекенова, Г.М.Кабдуллина, А.Т.Тұрысбекова, оқытушылар Қадырманова А.Қ., Кныш И.С.
Оқытушылар жыл сайын біліктіліктерін шетелдік, отандық іргелі оқу орындарында және біліктілікті жоғарылату институттарында жалғастырады.
Филология кафедрасы Ресей, Түркия, Қытай, Болгария және Татарстан елдерінің бірқатар жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс жасайды. Мамандық студенттері мен магистранттарына Түркия Памуккале университетінің докторы Б.Налбант, Стамбул университетінің докторы М.Өлмез, Франция ғалымдары дәріс оқыды.
Филология кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстанның іргелі оқу орындарының профессорлары, академик Ғ.Есім, ф.ғ.д., М.Мырзахметов, академик С.Қасқабасов, ф.ғ.д., профессор З.Ғ. Бисенғали, ф.ғ.д., профессор, Қ.П. Жүсіпов, ф.ғ.д., профессор Т.Қ.Жұртбайлар мамандық студенттеріне дәріс оқып жүр.

Филология кафедрасындағы бакалавриат мамандықтары:
Оқу мерзімі нысаны:
• Жалпы орта білім негізінде – 4 жыл
• Арнаулы кәсіптік орта білім негізінде – 2, 3 жыл

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
• Оқыту нысаны – күндізгі

5В020500 «Филология»
• Оқыту түрі – күндізгі

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»
• Оқыту нысаны – күндізгі

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген түлекке 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының «білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
- білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда;
- ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);
- әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында);
- ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде);
- өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде) әдеби кеңесші.
5В020500 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының толық курсынан өткен соң «Филология бакалавры» деген біліктілік пен мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
5В020500 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша бітірушінің кәсіби қызметінің өрісі нарық талабына сай анықталады:
- білім беру;
- ғылыммен айналысу;
- баспа ісі;
- бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде ИНТЕРНЕТ;
- білім беру саласындағы әкімшілік қызметтер (орта және арнаулы орта, жоғары оқу орындары);
-әлеуметтік-гуманитарлық қызметтердің басқа да салалары (мәдениетаралық қатынас).
5В011900 ««Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша мамандарды дайындау екі тілде жүргізіледі.
Аталған мамандық түлектері төмендегі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
-ағылшын тілі мұғалімі (ағылшын және неміс тілдері) орта мектептерде және колледжде;
-жоғары оқу орындарында, гимназия, лицейде;
-аудармашы;
- оқу үрдісін ұйымдастырушы;
- журналист, редактор;
-хатшы-референт.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары:

6М020500 – «Филология» бойынша магистрларды даярлау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес ғылыми-педагогикалық бағытта 2006-2007 оқу жылынан бастап жүзеге асырылады. 6М020500– «Филология» магистратура мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын толық игерген білім алушы пәнаралық байланыс бойынша қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, мәдени қызметкер, теледидар, радио, газет-журналдарда қызмет атқаратын журналист, әртүрлі жобаларда әдебиетші ғалым, аудармашы, мемлекеттік ұйымдарда іс жүргізуші бола алады. Білім беру бағдарламасында маманның кәсіби дайындығының пәнаралық сипатымен қажетті тұтастығы қамтамасыз етілген.
Кадр даярлау мөлшері және құрылымдық сипаты Қазақстан Республикасындағы қажеттіліктеріне сәйкес.
6D020500 «Филология» мамандығы бойынша докторантура "6D020500 - Филология" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) академиялық дәрежесін алу үшін қажетті құзіреттіліктерді меңгеруге бағытталған.
6D020500 «Филология» докторантура мамандығының білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:
Өзгеріс үстіндегі әлемде кәсіби құзіреттілік пен әлеуметтік мобильділікті қамтамасыз ететін филологиялық іргелі теориялық-әдістемелік, сондай-ақ іргелес ғылымдар саласы бойынша түбегейлі дайындықтың болуы;
Ғылыми мәселені тану, түсіндіру және шешу қабілеттілігін, филология ғылымының қажетті саласына сәйкес әңгімені өрістете алу біліктілігін дамыту;
Кәсіби қызметте қазіргі компьютерлік технологияларды, қазақ/орыс тілінің Ұлттық корпусы ресурстарын пайдаланудың бейіндік машықтары мен дағдыларын қалыптастыру;
Лингвистикалық/әдебиеттанушылық зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызметтің түрі мен сипатының өзгерісіне, пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге бейімділікті дамыту.

Кафедра студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары: студенттер мамандықтары бойынша зерттеу жұмысына белсенді қатысады, мамандық бойынша арнайы «Speaking club», «Филолог» үйірмелері жұмыс жасайды. Студенттер халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми конференцияларда белсенді түрде атсалысады.