Педагогика және психология кафедрасы

Кафедра меңгерушісі: СУЛТАНОВА НУРГУЛЬ КАМИЛЕВНА   1969 жылдың 12 тамызында қазіргі  Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Педагогикалық еңбек жолын 1988-2002 жж аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Шынқожа атындағы орта мектебінде мамандық бойынша қызмет атқарған.  2002 жылдан бастап Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Музыкалық білім» кафедрасында ұстаздық еңбегін жалғастырып келеді.

2007 жылы 02 маусымда Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 15.50.05. біріккен диссертациялық Кеңесінің мәжілісінде 13.00.01. – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны табысты қорғап, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ ғылыми дәрежесіне ие болған.

Диссертация тақырыбы: «Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы»

Ғылыми қызығушылық саласы: Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика, Музыкалық білім

2011 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен педагогика мамандығы бойынша ДОЦЕНТ (ассоциированный профессор) ғылыми атағына ие болған.

2016 жылы Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасның жоғары оқу орындары студенттерінің  ҮІІІ Республикалық  пәндік олимпиадасында «5В010600-Музыкалық білім» мамандығы бойынша «Хорды дирижерлау»  пәнінен ІІІ – дәрежелі Дипломмен П-443 топ тың 4 курс студенті Сағидолда Алтынбек- жет. Султанова Н.К., марапатталды.

2018 жылы 17-18 наурызда Алматы қаласында  Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында Республикалық студенттер олимпиадасында «музыка пәнін оқыту» пәні бойынша Н.К.Султанованың  жетекшілігімен П-443 топ студенті Шарифолла Балауса ІІІ жүлделі орынды иеленіп, жоғары кәсіби деңгейде даярлаған үшін дипломмен марапатталған.

Кафедраның қысқаша тарихы:

Педагогика және психология кафедрасы 2003 жылы құрылды.

10 жыл бойы №38 ЖББОМЛ КММ базасында кафедра филиалы жұмыс істейді. Кафедраның ПОҚ бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетеді, бірлескен семинарлар өткізеді, бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігіне қатысады. №42 ЖББОМ КММ мектеп жанындағы интернатымен және "Айгөлек" ясли-бақшасы КМҚК-мен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысы туралы келісім-шарт жасалды. Жыл сайын зерттеу жұмысының нәтижелерін талқылау бойынша семинарлар өткізіледі.

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Кафедраның аға оқытушылары Акименко Н.К. және Батина Г.А.  «Психология ғылымындағы өзекті мәселелер» атты халықаралық оқу-әдістемелік семинар аясында Семей қаласындағы Назарбаев интеллектуалды мектебінде семинар-тренинг өткізді.

П. ғ. к. А. Б. Құндакова және магистр Г. Б. Иманбекова Павлодар қаласының Инновациялық Еуразия университетінде дәріс оқыды. "Педагогика және психология" кафедрасының мамандықтары үшін дәрістер курсын Алтай мемлекеттік университетінің п.ғ.к. К. М. Любимова оқыды.

 

Жыл сайын кафедра студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады, жүлделі орындарға ие болады: Мазанбекова М. 1 орын, магистрант Мауэнова А. ҚазҰУ-да өткен студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" халықаралық конференциясында 3 орын алды. М. Қалыбекова "Жастар және ғылым" атты жаратылыстану техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті ХХІ ғылыми студенттік конференциясында үздік баяндама үшін ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Кафедра күндізгі және сырттай бөлім бакалавриатының 3 білім беру бағдарламасы және магистратура мен докторантураның 1 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды:

6В01302 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет саласы:

- оқушылардың бастауыш мектеп пәндері бойынша қажетті білім, білік, дағды жүйесін қалыптастыру;

Кіші мектеп оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, мектептегі оқу процесіне бейімделуге жәрдемдесу;

- кіші мектеп оқушыларының жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

- ата-анаға педагогикалық білім беру және баланы тәрбиелеуге педагогикалық қолдау көрсету.

Кәсіби қызмет ныса

ндары:

- білім беру мекемелері (жалпыбілімберетінмектептіңалғашқысатысы);

- педагогикалықколледждер;

- біліктілікті арттыру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттары;

- білім беру департаменттері.

6В01101 «Педагогика және психология»

5В010300 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет саласы:

- білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесін жобалау;

- тәрбиеленушілердің тұлғалық және әлеуметтік мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық зерттеулер;

- оқушылардың индии

дуалды және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, түзету-дамыту бағдарламаларын құрастыру;

Кәсіби қызмет нысандары:

- барлық типтегі мектепке дейінгі мекемелер;

- жалпы білім беру мекемелері, мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар, шағын кешенді мектептер, спорттық мектептер, балалар үйі;

- арнайы түзету мекемелері (интернат мектептер, дене немесе ақыл-ойында кемшілігі бар балалар мен жеткіншектерге арналған сыныптар);

- алғашқы кәсіби білім беру мекемелері;

- арнаулы білім беру мекемелері (колледждер).

Оқыту нысаны: күндізгі, сырттай, қашықтан

Іс - тәжірибе: Қаланың балабақшаларында, жалпы білім беретін мектептер мен колледждерде өткізіледі.

6В03115 "Психолог

ия"»

Мамандықтың бейіндік пәндері: Биология; География.

Біліктілігі: - психология мамандығы бойынша әлеуметтік білім бакалавры.

Өндірістік практикадан өту объектілері:

- балабақшалар; - жалпы білім беретін мектептер;

- колледждер;

- психиатриялық диспансер;

- отбасылық үлгідегі емханалар (ІДА).

Болжамды жұмыс орны:

- қоғамдық пікірді зерттеу орталықтарындағы психолог;

- өндірістік кәсіпорындардағы психолог (персоналмен жұмыс жөніндегі менеджер);

- спорт ұйымдарындағы психолог;

-медициналық ұйымда

р мен емдеу-алдын алу мекемелеріндегі психолог;

- құқық қорғау ұйымдары мен пенитенциарлық мекемелердегі, педагогикалық іске қосылған жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу орталықтарындағы психолог;

Академиялық дәреже: білім бакалавры.

Біліктілік: бастауыш мектеп мұғалімі, педагог - психолог

Кафедра ұжымының негізгі мақсаты – жоғары деңгейдегі кәсіби мамандар даярлау жолында жаңашығармашылық және идеялармен еңбек ету.

Мамандығы: 7М01101 "Педагогика және психология"» (магистратура)

Мамандық пәндері: ағылшын тілі;

Бейіндік пәндер (педагогика және психология)

Біліктілігі: - педагогика ғылымдарының магистрі.

Өндірістік практикадан өту объектілері:

- Жоо-лар;

- Тағылымдама (шетелдік).

Болжамды жұмыс орны:

-барлық үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдар;

- жалпы білім беретін мектептер, оның ішінде мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар, шағын жинақты мектептер, санаториялық мектептер, спорт мектептері, балалар үйлері;

- арнайы түзету ұйымдары (мектеп интернаттар, балалар мен дене немесе ақыл-ой дамуында кемшіліктері бар жасөспірімдер);

- әртүрлі әлеуметтік сала субъектілеріне психологиялық көмек көрсету және кеңес беру: (балалар үйі, қарттар үйі, әскери бөлімдер, құқық қорғау органдары, саяси және қоғамдық ұйымдар);

- арнайы орта оқу орындары (колледждер)

- жоғары оқу орындары (ЖОО).

Мамандығы: 8D01101 "Педагогика және психология"» (докторантура)

Мамандық пәндері: ағылшын тілі;

Бейіндік пәндер (педагогика және психология)

Біліктілігі: - философия докторы (phd) дәрежесі

Өндірістік практикадан өту объектілері:

- Жоо-лар;

- Тағылымдама (шетелдік).

 

Педагогика және психология кафедрасы 2003 жылы құрылған.

Кафедра бакалавриаттың 3 білім беру бағдарламасы және магистратура мен докторантураның 1 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды:

6В01302 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;

6В01101 Педагогика және психология;

6В03115 «Психология»;

7М01101 «Педагогика және психология»

8D01101 «Педагогика және психология»

6В01302 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы.

Мамандықтың бейіндік пәні: Биология; География.

Біліктілігі: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім бакалавры.

Өндірістік практикадан өту объектілері: жалпы білім беретін мектептер.

Болжалды жұмыс орны: - білім беру мекемесі (жалпы білім беретін мектептің бастапқы сатысы).

6В01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы.

Мамандықтың бейіндік пәні: Биология; География.

Біліктілігі: Педагогика және психология мамандығы бойынша білім бакалавры.

Өндірістік практикадан өту объектілері:

- бала бақшалар (бөбекжайлар);

- жалпы білім беретін мектептер;

- колледждер;

- психиатриялық диспансер;

- үкіметтік емес ұйымдар.

Болжалды жұмыс орны:

- барлық үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар, бөбекжайлар);

- жалпы білім беретін мектептер, оның ішінде мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар, шағын жинақты мектептер, санаторлық мектептер, спорт мектептері, балалар үйі;

- арнайы түзету ұйымдары (физикалық немесе ақыл-ой дамуында кемшіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған мектеп-интернаттар, сыныптар);

- әртүрлі әлеуметтік сала субъектілеріне психологиялық көмек көрсету және кеңес беру (балалар үйі, қарттар үйі, әскери бөлімдер, құқық қорғау органдары, саяси және қоғамдық ұйымдар).

6В03115 «Психология» білім беру бағдарламасы.

Мамандықтың бейіндік пәні: Биология; География.

Біліктілігі: психология мамандығы бойынша әлеуметтік білім бакалавры.

Өндірістік практикадан өту объектілері:

- бала бақшалар (бөбекжайлар);

- жалпы білім беретін мектептер;

- колледждер;

- психиатриялық диспансер;

- отбасылық типтегі емханалар.

Болжалды жұмыс орны:

- қоғамдық пікірді зерттеу орталықтарында психолог;

- өндірістік кәсіпорындарда психолог (персоналмен жұмыс жөніндегі менеджер);

- спорт ұйымдарында психолог;

-медициналық ұйымдарда және емдеу-алдын алу мекемелерінде психолог;

- құқық қорғау ұйымдары мен пенитенциарлық мекемелерде, педагогикалық іске қосылған жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу орталықтарында психолог;

7М01101 «Педагогика и психология» білім беру бағдарламасы.

Мамандықтың бейіндік пәні: педагогика және психология

Біліктілігі:

- педагогика ғылымдарының магистрі.

Өндірістік практикадан өту объектілері:

- Жоғары оқу орындары;

- Тағылымдама (шетелдік).

Болжалды жұмыс орны:

- барлық үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар, бөбекжайлар);

- жалпы білім беретін мектептер, оның ішінде мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар, шағын жинақты мектептер, санаторлық мектептер, спорт мектептері, балалар үйлері;

- арнайы түзету ұйымдары (физикалық немесе ақыл-ой дамуында кемшіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған мектеп-интернаттар, сыныптар);

- әртүрлі әлеуметтік сала субъектілеріне психологиялық көмек көрсету және кеңес беру: (балалар үйі, қарттар үйі, әскери бөлімдер, құқық қорғау органдары, саяси және қоғамдық ұйымдар);

- орта арнаулы оқу орындары (колледждер)

- жоғары оқу орындары (ЖОО).

8D01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы.

Мамандықтың бейіндік пәні: педагогика және психология

Докторантураға түсушілер шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар ұсынады.

Біліктілігі:

- философия докторы дәрежесі (phd)

Өндірістік практикадан өту объектілері:

- Жоғары оқу орындары;

- Тағылымдама (шетелдік).

Педагогика және психология кафедрасының

 профессор-оқытушылар құрамы туралы мәліметтер

Аты-жөні Атқаратын лауазымы Дәрежесі
1

Султанова Нургуль Камильевна

Кафедра меңгерушісі Педагогика ғылымдарының кандидаты
2

Мендаяхова Куанышкуль

профессор Педагогика ғылымдарының докторы
3

Рахимжанова Гульнара Рахимовна

аға оқытушы Педагогика ғылымдарының кандидаты
4

Татаурова Нина Леонидовна

аға оқытушы Педагогика ғылымдарының кандидаты
5

Акжалов Бейсенбек Токтарбекович

аға оқытушы Педагогика ғылымдарының кандидаты
6

Зарифова Мадина Абдрахмановна

аға оқытушы Педагогика ғылымдарының кандидаты
7

Аюпова Гулбаршын Турагуловна

аға оқытушы PhD докторы
8

Куделько Айжан Сатывалдыкызы

аға оқытушы PhD докторы
9

Айдарбеков Кайрат Анварбекович

аға оқытушы Психология ғылымдарының кандидаты
10

Кодекова Галия Бикеновна

аға оқытушы PhD докторы
11

Мукушев Серик Базарбекович

аға оқытушы Педагогика ғылымдарының кандидаты
12

Медеубаева Кенжехан Турапбековна

аға оқытушы Педагогика ғылымдарының кандидаты
13

Биназарова Майра Мухамедовна

аға оқытушы Педагогика ғылымдарының кандидаты
14

Кундакова Алтынбиби

аға оқытушы Педагогика ғылымдарының кандидаты
15

Жапарова Гульнур Сарсеновна

аға оқытушы магистр
16

Дакина Гулайм Токеновна

аға оқытушы магистр
17

Ердембекова Динара Амангельдыевна

аға оқытушы магистр
18

Жолдыбекова Асем Тлеубековна

аға оқытушы магистр
19

Карипбаева Шынар Токтаровна

аға оқытушы магистр
20

Абдуллина Гульнар Кабдышеитовна

аға оқытушы
21

Сарбасова Гульзат Жакеевна

аға оқытушы магистр
22

Рахимжанова Назгуль Амантаевна

аға оқытушы магистр
23

Акименко Наталья Константиновна

аға оқытушы
24

Исмаилова Гульнара Муратовна

аға оқытушы магистр
25

Оспанова Бибигуль Канатовна

аға оқытушы магистр
26

Еркинтаева Дидар Утебаевна

аға оқытушы магистр
27

Оралова Әйгерім Шыңғысқызы

аға оқытушы магистр
28

Лекерова Айнур Алдабергеновна

аға оқытушы магистр
29

Сайлауғазы Нәзікен Қайратқызы

оқытушы магистр
30

Азизова Азиза Фарухкызы

оқытушы магистр
31

Жұмақулова Гүлнұр Аманжолқызы

оқытушы магистр

 

 

«Педагогика және психология кафедрасы:
Кафедра лаборанты: Ментаева Алия Абылайхановна  тел: 8-747-416-55-44
Мекен-жайы: Семей каласы, Шмидт көшесі 44, 32 кабинет
Тел/факс: 8 (7222) 77-31-12, 8 (775) 257-31-49
E-mail: Kazguiu_pp@mail.ru