«КазГЮИУ-дың студенті болғым келеді» грант сайысы |

Әлеуметтік желілерді толығымен пайдалан! КазГЮИУ түлектер қауымдастығы ШҚО мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында КазГЮИУ-де өздеріңіз таңдаған мамандық бойынша оқуға грант сайысын өткізеді.

 

Сайыстың мақсаттары:

1) сапалы және қолжетімді білімді алуға жағдай жасау;

2) тұлғаның білімді болуы мен дарындылықты дамытуды ынталандыру;

3) дарынды жастарға әлеуметтік жеделсатыны қамтамасыз ету.

Мерзімдер: 2016 ж. 1 сәуірден 1 маусымға дейін.

Сайыс 2 кезеңнен тұрады:

  • кезең – өзінің эссесіне ең көп репост жинау.
  • этап – ең көп репост жасаған 10 қатысушының арасында жеңімпазды таңдап алу.

1 кезең

Қажет:
1) Вконтакте желісіндегі «Ассоциация выпускников КазГЮИУ» парақшасына жазылу;

2) «Неге КазГЮИУ-дың студенті болғым келеді?» тақырыбындағы эссені (қазақ немесе орыс тілінде) бізге жіберу;

3) КазГЮИУ-дың www.kazguiu.kz ресми сайтынан «Абитуриентке» > «Грантқа конкурс» бөлімінде Сіздің эссеңіздің астында ең көп репост жинау.

 

Қосымша:

- эссе assvkaz@mail.ru поштасына жіберіледі немесе Ленин көшесі 11, 21 кабинетке (ШҚО, Семей қаласы) алып келу керек, оған қоса сауалнама толтырылуы керек (№1 қосымша);

- эссенің көлемі 2 беттен аспауы керек, шрифт - Times New Roman, шрифт көлемі - 14, интервал - 1, барлық шеттері - 2 см.

2 кезең

Сайыстық комиссия ең қызықты эссе негізінде ең көп репост жинаған 10 қатысушы ішінен жеңімпазды анықтайды.

 

Ұйымдастырушы кез-келген уақытта сайысқа қатысушының репостпен жинаған баллдарын келесі негіздер бойынша алып тастауға құқылы:

1) «Достарға айту» репосттарын фейктік аккаунттар (достардың жалпы саны 50-ден аз) арқылы көбейту;

2) «Достарға айту» кнопкасын басқан достарының жабық профилі;

3) басқа біреулердің ар-намысына, қадір-қасиетіне қол сұғатын, ұлтына, нәсіліне, дініне немесе әлеуметтік белгі бойынша кемсітушілікке, ұлтаралық және діни араздық пен алауыздықты қоздыруға шақыратын сөздердің эсседе болуы;

4) үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын басқа да негіздердің болуы.

Қатысушылардың саны 20-дан кем болғанда сайыс өткізілмеді деп танылады.

Ұйымдастырушы осы сайыстың ережесіне өзгеріс енгізуге және сайыс туралы қосымша ақпарат хабарлауға құқылы.

 

Сайыстың нәтижелері ҰБТ нәтижелері жарияланғаннан кейін КазГЮИУ-дың www.kazguiu.kz ресми сайтында жарияланады.

Грант сайыстың жеңімпазына КазГЮИУ-дың есеп шотына ақша қаражатын аудару арқылы беріледі.

Грант сайыстың жеңімпазына келесі жағдайларда берілмейді:

1) Басқа жоғары оқу орнына түссе;

2) ҰБТ-да өту балын жинай алмаса;

3) 1 семестрді аяқтағаннан кейін басқа жоғары оқу орнына ауысса.

 

БЕЛСЕНДІРЕК БОЛ! ОҚУДЫҢ БІРІНШІ ЖЫЛЫНА 100% ГРАНТ СЕНІКІ БОЛУЫ МҮМКІН!

 

 №1 қосымша

«КазГЮИУ-дың студенті болғым келеді» грант сайысына қатысушының сауалнамасы

 

 

1

Тегі, аты, жөні

 

2

Туған күні

 

3

Мектеп атауы, сыныбы

 

4

Жеке деректері (телефоны, электрондық поштаның адресі)

 

5

Таңдаған мамандығы

 

6

Фото

 

 

 

 

 

 

 

 

КазГЮИУ түлектер қауымдастығы өткізетін «КазГЮИУ-дың студенті болғым келеді» грант сайысының ережелерімен таныстым.

 

 

___________________ / ______________________________________________

(қолы)                                                            (Т.А.Ж.)

«_____» ______________2016 ж.

Создано 24.03.2016

Обновлено 17.05.2016